11 жылға жуық қамауда болған Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты
Your browser doesn’t support HTML5
11 жылға жуық түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 19 наурызда шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семей түрмесінің алдына Қазақстанның әр аймағынан жиналған белсенділер қарсы алды.