Шымкентте сот жұмысына көңілі толмаған жүзге жуық адам наразылық білдірді
Your browser doesn’t support HTML5
21 мамырда Шымкенттегі қалалық прокуратура мен қалалық соттың алдында жүзге тарта азамат адам өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сот үкіміне қарсылық білдіріп, наразылық танытты. Оларды прокурорлар мен полицейлер бақылап жүрді. Жиналғандар 29 сәуірде қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "адам өлтіру" бабымен айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Тахиржан Хамутбековтың ісі бойынша шыққан үкімге наразылық танытты.