Бір адамдық пикет өткізіп жүрген белсенді сотталды
Your browser doesn’t support HTML5
4 ақпанда Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында белсенді Сәбит Сыздықбек билікке талап айтып, соңғы он күнде төртінші рет наразылыққа шықты. Ол президенттіктен кетсе де, Қауіпсіздік кеңесін басқарып, биліктің бір тармағын ұстап отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың кетуін; биліктен бейбіт митингіге шыққандарға қысым жасамауды талап етті. Осы наразылықтан соң сот оны бес тәулікке қамады.