Шымкентте "Шал, кет" деп айғайлағандарды әкетті
Your browser doesn’t support HTML5
22 ақпанда Шымкентте полиция жоспарланған митинг өтеді деп белгіленген жерге келген жиырмадан астам адамды ұстады. Ұсталғандардың бірі полиция мен қарапайым киімдегілер әкетіп бара жатқанда "Шал, кет!", "Назарбаев биліктен кетсін!" деп айғайлады. Кейбір адамдар Тәуелсіздік саябағына әлеуметтік мәселелерді айтуға келгендерін жеткізді.
Қазақстандағы екі оппозициялық топ 22 ақпанда билікке қарсы наразылық өткізетіндерін хабарлаған.