"Сыйлыққа ат мінген" полиция сынға қалды
Your browser doesn’t support HTML5
Интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тарады. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүйсембаев қатаң жазаланатынын мәлімдеді.