Алматы қаласы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қала тұрғындары аулаға таңғы 6.00-ден кешкі 21.00-ге дейін шығуына болады. Аулаға шыққанда маска, антисептик болуы шарт. Бір орында үш адамнан артық жиналуға болмайды. 14 жасқа дейінгі балалар аулаға тек үлкендермен бірге шыға алады. Бөтен адамдар бір-бірінен екі метр арақашықтық сақтауы тиіс. Аулалар мен балалар ойнайтын алаңдарды Пәтер иелері кооперативі мен тұрғын үй кешенінің иелері кешкісін дезинфекциялауы керек. Аулада командалық ойындар ойнауға, жүгіруге тыйым салынады.
"Үйге кіргенде міндетті түрде қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. Аулада адам көп болса, сыртқа басқа уақытта шыққаныңыз жөн" деді Бекшин онлайн брифингте.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Вирус тағам арқылы жұға ма? Сізді мазалаған 7 сұраққа жауапАлматы әкімдігінің хабарлауынша, саяжайға бару үшін ешқандай рұқсат керек жоқ. Тек төлқұжат, саяжай құжаты жеткілікті. Алматы қаласы тұрғындары қала аумағынан тыс жердегі, Алматы облысындағы саяжайларына бара алады. Саяжайда үш адамнан артық жиналуға болмайды және қонақ шақыруға тыйым салынады. Облыстағы саяжайдан келе жатқан қала тұрғыны Алматыға кірерде тест тапсырудың қажеті жоқ. Әкімдік саяжай иелерін карантин біткенше сол жерде қалуға шақырды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қала тұрғындары таңғы алтыдан кешкі сегізге дейін шығуға рұқсат етті. Жұрт аулаға шыққанда маска және қолғап киюі шарт. Кәмелетке жасына толмаған балалар сыртқа үлкендермен ғана шыға алады. Егер бір отбасының мүшелері болмаса, бір жерде үш адамнан артық жиналуға болмайды. Жергілікті билік тұрғындарға аулада жүгіруге және жеке спорт жаттығуларын жасауға рұқсат етті. Бірақ екі метр арақашықтық сақтау шарт. Нұр-Сұлтан тұрғындары да қала сыртындағы саяжайларына бара алады.
Қарағанды облысының басым бөлігінде жұрт маскамен аулаға шыға алады. Ал саяжайға бес ересек адам және балалар ғана жіберіледі. Саяжайда көршілерге баруға болмайды. Нотариус, адвокат, кір жуу орындары және ХҚКО алдын ала жазылып бару керек. Қоғамдық көлік таңғы 7-10 дейін, одан кейін 17.00-20.00 арасында жүреді. Тамақ дайындайтын орындар ас-суды үйге жеткізіп беруіне рұқсат. Белгілі бір уақытта жеке көлікпен қалаға шығуға болады.
Бірақ облыстағы Теміртау қаласында вирус жұқтырғандар көбейгендіктен карантин шарттары сақталмақ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Коронавирус жайлы 12 қауесетБиліктің мәлімдеуінше, барлық аймақта жұрттың карантин шарттарын сақтауын полиция бақылайды. Қазақстан билігі 65 жастан асқан адамдарды карантин кезінде көшеге шықпауға шақырады. Вирус кәрілерге өте қауіпті.
Қазақстанда карантин шарттары жеңілдегенімен оқу орындары, сауда орталықтары, сұлулық салондары әлі ашылмайды. Елде банктер, нотариустер, техника сататын дүкендер, саяжай заттарын сататын дүкендер, кір жуу, көлік жуу және жөндеу орындары, банктер ашылды. Бұл жерлерге келушілер екі метр арақашықтықты сақтауы шарт. Үйге қонақ шақыруға болмайды.