Азапталған Талдықорған. Арнайы репортаж
Your browser doesn’t support HTML5
Қаңтардағы дүрбелеңнен соң ұсталғандар жаппай азапталып жатыр. Талдықорғанда тергеу кезінде таяқ жегенін айтқандар көп. Прокуратура дерегінше, қазір Алматы облысында азаптау шағымы бойынша 15 іс тергеліп жатыр. ЛА-155/16 мекемесі басшылығы қамауда отырғандар арасында жаралы азаматтар барын растады.