Жолаушылар плацкарт вагонда ұзақ жолды қалай өткізеді?

Нұр-Сұлтан қаласында тұратын қызына бесік апара жатқан тараздық әйел.

Шу станциясынан Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласына дейін пойыз 16 сағат жүреді.

Ұзақ жолға шыққан жолаушылар плацкарт вагонда дем алып жатыр.

Ұзақ жолды әркім әрқилы өткізеді. Байланыс ажырамаған жерде смартфон қарауға мүмкіндік бар.

Қазақстанның ұшы-қиыры көрінбейтін кең даласы.

Пойыз жолаушыларына көрпе-төсек, сүлгі беріледі
 

Жолаушы пойызы жол-жөнекей бірнеше станцияға тоқтайды.

Жол бойындағы станцияларда ас-су сататын әйелдер жолаушылар пойызын асыға күтеді.

Вагонға кіре берісте сусын ішіп тұрған әйел.

Жолаушылар пойызының вагондары купе және плацкарт болып бөлінеді. Әрбір купенің есігі болса, плацкарт вагонда жолаушылар орны көрініп тұрады.

Вагонда су қайнататын пеш. Жолаушылар осы пештің суын шайға пайдаланады.

1950 жылдары салынған Мойынты-Шу темір жол құрылысы Қазақстандағы пойыз жолдарды көбейтті.

Шу темір жол станциясы.

Өзін Зәуреш деп таныстырған әйел теміржол станцияларының бірінде 5 жылдан бері азық-түлік сатып, бала-шағасын асырайды.

Ойға шомған жігіт.

Вагонда қауын жеп отырған жолсеріктер.

Станцияға жақындағанда интернет жылдамдығы арта бастайды.

Плацкарт вагонға мінгісі келетін жолаушылар көп. Өйткені билеті арзан. Мұндай вагонда жаңа достар тауып, ұзақ жолда әңгіме-дүкен құруға болады.

Аты-жөнін айтқысы келмеген жігіт Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс іздеп бара жатыр. Құрылыс орындарының біріне жұмысқа орналасамын деп үміттенеді.

Вагондарда ұялы телефон қуаттау да бір машақат.

Нұр-Сұлтандағы теміржол вокзалы.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің фототілшісі Гүлжан Тұрдыбаева Қазақстанның Шу станциясы мен Нұр-Сұлтан қаласы арасында пойыз жолаушыларының сапарын фотосуретке түсірген. Қырғызстандық тілші плацкарт вагондағы жолаушылардың ұзақ жолды қалай өткізетінін, оларға қандай жағдай жасалғанын, темір жол бойындағы станцияларды, жолаушылар пойызын күтіп тұрған сатушы әйелдерді көрсеткен.