Аптаның үздік жеті хикаясы

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі коммунистік партия құрылтайы. Көрнекі сурет

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Өз еркімен келген" тәрбиеленушілер және лагерьдегі "өмір"

Қаңтардың басында Қытай билігі бірнеше шетелдік басылымның журналисін арнайы шақырып, Қашқар, Хотан және Қарақаштағы саяси тәрбиелеу орталықтарын көрсеткен. Шыңжаң өлкесіне барғандар арасында Reuters ақпарат агенттігінің тілшісі де болған. Тілші сапары жайлы мына мақаладан оқи аласыз.

Саяси тәрбиелеу орталығында сабақ оқып отырғандар. Қашқар. 4 қаңтар 2019 жыл

Назарбаев 20 жыл бұрын қалай қайта сайланды?

20 жыл бұрын Қазақстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтті, ресми деректер бойынша ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев 80 пайыздан аз дауыс жинады. Бұл Назарбаевтың сайлаушылардан алған ең аз дауысы еді. Сарапшылардың айтуынша, сол кезде билік алғаш рет өзіне ұнамсыз қарсыластардың "өзін құрту" әдісін ойлап тапты, бюллетеньге билікке тәуелді кандидаттарды қосты, ал кезектен тыс сайлау саяси дәстүрге айналды. Толығырақ Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаевтың мақаласынан оқып біліңіз.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылғы инаугурациясы (Сурет Ақорда сайтынан алынды).

Қарағандыдағы оқиғаның хроникасы және биліктің реакциясы

Қарағандыда болған оқиғаға қатысты Қазақстан парламентінің депутаттары мен ішкі істер министрінің орынбасары не деді? Армения премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян не айтты? Бұл сұрақтардың жауабын мына мақаладан оқып біле аласыз.

Жаппай төбелес болған аймақта тұрған полиция көлігі. Қарағанды. 8 қаңтар 2019 жыл

Қазақстан елшілігінің өкілі: "Лагерьдегі жағдай жақсы"

Қытай бірнеше елдің дипломаттарын Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарына" апарып көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан дипломаттары да бар. Дипломаттардың Шыңжаңға сапары жайлы мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Тар үйге қысылған көпбалалы отбасы

Алматы облысында "Алтын алқа" мемлекеттік наградаcынан бас тартқан аналар тұрмыс жағдайларына шағымданады. Олар көпбалалы отбасыларға мемлекеттен берілетін жәрдем жеткіліксіз деп санайды. Азаттық тілшілері Талдықорған қаласындағы коммуналдық меншіктегі бұрынғы жатақханада 12 баласымен бірге тұрып жатқан анамен сұхбаттасқан еді.

Алматыда 30-ға жуық шағын ауданның аты өзгерді

Енді "Колхозшы" шағын ауданы "Нұршашқан", "Алғабас-1" шағын ауданы "Нұркент", "Алатау" шағын ауданы "Нұр Алатау" деп аталады. Жаңа атауларға қатысты тұрғындар мен әкімдік өкілі не дейді?

2019 жылы Қазақстанда қандай сот процестері өтеді?

Абай ауылындағы оқиға, қазақстандықтардың жиын өткізу құқығы үшін күресі, "ҚДТ" жақтастарының ісі, Қарағандыдағы адам өлімі. Азаттық биыл болатын немесе жалғасатын ірі сот процестеріне шолуды ұсынады.

Спортшы Денис Тен өліміне қатысты сот отырысы