Арыста ері қаза тапқан жаралы жесір көмекке зәру
Арыста қару-жарақ қоймасы жарылған кезде мерт болған Панабек Есмағамбетовтің жесірі Жұпар Есмағамбетова «үкіметтің салғырттығын» кінәлап, әлеуметтік жәрдем сұрайды. Толығырақ оқу үшін >>>
Арыстағы жарылыс зардабын жою
24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылды. Ресми мәлімет бойынша, жарылыстан жергілікті тұрғын мен екі әскери қаза тапты. 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгініп, 80-тен астам азамат ауруханаға жатқызылды. Жарылыс салдарынан Арыстағы үйлердің 85 пайызы бүлінген. Төрт күннен кейін, 28 маусымда Шымкент пен көрші елді мекендерді уақытша паналаған арыстықтар үйлеріне оралды. Азаттық тілшісі саперлардың қаланы снаряд қалдықтарынан тазартып жатқанын көрді.
Сот Айсұлтан Назарбаевты кепілмен босатып, ауруханаға жіберді
Соттар мен трибуналдардан хабар тарататын ұлыбританиялық Court News UK агенттігі 4 шілдеде Лондондағы Сауторк сотында Айсұлтан Назарбаев ісі бойынша алдын ала тыңдау өткенін хабарлады. Отырыста Айсұлтан Назарбаев «өзін суицидтен құтқарып қалған полицейді тістегенін» жоққа шығарды. Сайттың жазуынша, Назарбаевқа «полицейді жарақаттады және жекенің мүлкін бүлдірді» деген айып тағылған. Толығырақ оқу үшін >>>
"Мәйіттерді басып жүрдік". Соғысты көрген әйелдің хикаясы
Ақтөбелік Ақгүл 2019 жылғы маусымның 4-інде 11 жастағы Айша және екі жасар Әсия есімді екі жиенімен қауышқан. Айша шешесімен Сирияда бес жыл болған, Әсия сол жақта туған. Қыздардың анасы "терроризмді насихаттады" және "діни алауыздық туғызды" деген айыппен мамырдың 28-інен бері Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр. Толығырақ оқу үшін >>>
Билік өкілдерінің "әйелдеріңе ие болыңдар" дегенінде не мән бар?
«Нұр Отан» партиясы өткізген бейбіт шеруде сөйлеген бұрынғы депутат Оразкүл Асанғазы "әйелдерін көшеге жіберіп қойып үйде отыратын еркектерді" сынады. Арыстағы жарылыстан кейін Шымкентте наразылыққа шыққан арыстықтарға Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдрахымов та "бірінші әйелдеріңе ие болыңдар" деген. Әйелдер құқығын қорғап жүрген белсенді билік өкілдерінің бұл сөзін сынады.
Your browser doesn’t support HTML5
Билікті сынаған үш белсендіні үйқамақтан абақтыға ауыстырды
Алматының тергеу соты тыйым салынған ұйымға "қатысқан" деген айып тағылған Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова мен Оксана Шевчукті үйқамақтан абақтыға ауыстырды. Толығырақ оқу үшін >>>
Your browser doesn’t support HTML5
Бұрынғы әскери "терроризмді насихаттау" айыбымен келіспейді
Алматы әскери соты бұрын келісімшарт бойынша қызмет атқарған әскеридің үстінен "Терроризмді насихаттау" бабы бойынша қозғалған қылмыстық істі қарап жатыр. Сараптамада 45 жастағы Бақтығали Қалдыбековтың 2015 жылы әлеуметтік желіге жариялаған жазбасынан радикалды идеялар табылғаны айтылған. Айыпталушы арнаулы қызмет өкілдері оған қарсы арандату ұйымдастырмақ болғаны, бірақ ол жүзеге аспаған соң, қылмыстық істі қолдан құрастырғаны туралы мәлімдеді. Толығырақ оқу үшін >>>