Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстандағы әйелдер түрмесі. Көрнекі сурет

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Нұр Отан" партиясының 20 жылдағы эволюциясы

Сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа қоғамдық қолдау көрсету үшін құрылған штаб қайтіп Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатқан "билік партиясына" айналды? "Нұр Отанның" соңғы 20 жылдағы трансформациясы туралы Азаттық жергілікті саясаткерлердің және сарапшылардың пікірін білді.

Жәмила Стехликова: Қазақ халқы демократияға дайын

Чех Республикасының адам құқығы және ұлттық азшылықтар жөніндегі экс-министрі, қазір Чехияның оппозициялық либерал-экологиялық партиясы төрағасының орынбасары Жәмила Стехликова тарихи отанындағы жағдайды жіті бақылайды. Сұхбатты оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Қазақстанда он қасқырға бір аңшыдан келеді

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда шамамен 16 мыңдай қасқыр қалған. Кейбір облыстарда 2018 жылдан бастап қасқыр атуға тыйым салынған. Ал жергілікті аңшы "ешқандай бақылау жоқ" дейді. Толығырақ Нұртай Лаханұлының мақаласынан оқып-біліңіз.

Кеншілер аймағындағы күн энергиясы. Сарандағы станция қашан ашылады?

Қазақстандық БАҚ Орталық Азиядағы ең ірі нысан деп атаған Қарағанды облысындағы күн электр станциясының ресми ашылуы басқа күнге ауыстырылды. Бұған дейін 2018 жылдың соңына жоспарланған ашылу салтанатын Саран билігі қаңтардың екінші жартысына қалдырған.

Нацуко Ока: Бағаны сатып алу үйреншікті құбылысқа айналған

Жапон ғалымы Нацуко Ока Қазақстанның білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеп жүр. Азаттыққа берген сұхбатында шетелдік ғалым неліктен адамдардың пара беріп, тамыр-таныстықты пайдаланғанды жөн көретіні және оның қоғамға тигізетін кесірі туралы айтты.

"ЛА-155/4 түрмесінен хабарласып тұрмын..."

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы колонияда отырған үш әйел Азаттықтың редакциясына хабарласып, құқықтарының бұзылып жатқанын айтты. Түрмедегі жағдайды адам төзгісіз деп сипаттаған олар журналистермен сөйлескені үшін мекеме басшылығының қысымына ұшырауы мүмкін екендерін хабарлады. Түрме басшылығы қамаудағылардың бұлай уайымдауы "негізсіз" дейді. Қазис Тоғызбаевтың мақаласын оқыңыз.

Қорықшы қазасы, киік аулау және заңсыз аңшылық

Қарағанды облысында заңсыз киік аулаушылардың қолынан мерт болған инспектордың қазасы Қазақстан қоғамында қызу талқыланды. Пікірталас барысында жануарлар дүниесін қорғау мәселесі, қорықшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, полицияның кәсібилігі туралы көп айтылды. Азаттық Қазақстандағы жануарлар дүниесінің қорғалуы, хайуанаттарды қорғауға тиісті қорықшы-инспекторлардың қауіпсіздігі, заңсыз аңшылық пен оған қолданылатын жаза және өзге мәселелерді тікелей эфирде талқылады.