Аптаның үздік жеті хикаясы

Баспасөздегі цензура. Көрнекі сурет

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Аймақтағы аналар да билікке талаппен келді

Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Ақпанның 11-і күні Қарағандыда жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Ал Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері көп балалы аналарды қабылдауды бастады. Елдің қаржы министрлігі көп балалы аналарға төленетін жәрдемақыны өсіру мәселесіне пікір білдірді.

Қасымов кетті ме, әлде қалды ма?

Сегіз жылға жуық Қазақстан ішкі істер министрі болған Қалмұханбет Қасымов президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл тағайындауға қатысты сарапшылар не дейді?

"Мылқауларды сыпырушы не тігінші көреді"

Қазақстанда құлағы нашар еститін, я естімейтін 18 мыңнан аса азамат бар. Билік олардың құқығының сақталуына бірнеше конвенция мен заң кепілдік береді дейді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандар мен сарапшылар "өмір сүру оңай емесін" айтады.

Билікке талап қойған аналар қысымға шағымданады

Билікке әлеуметтік жағдайларын жақсартып, баспанамен қамтамасыз ету талабын қойған астаналық көп балалы әйелдер өздеріне қысым жасалғанына шағымданады. Билік оны терістеп, тұрғындармен кездесіп жатқандарын айтады.

Аккредитация алу ережесін өзгерту ұсынысы сынға ұшырады

Қазақстан ақпарат және коммуникациялар министрлігі іс-шараларға журналистерді қатыстыру ережесін күшейтуді ұсынып отыр. Тілшілер бұл ұсынысқа қарсы шығып, митинг өткізуге өтініш берді.

Шынберген Жауқаров: "Ауғанстандағы соғысқа сұранбасам да апарды"

Совет-ауған соғысына қатысқан қазақстандық билік "бұйрығына бағынғанын" айтады. Тарихшы соғысқа қатысқандар "империялық саясат құрбаны" болды дейді. Сарапшының пікірінше, қоғамда ол соғысқа советтік көзқарас әлі өзгермеген.

Аналар талабы қайтсе орындалады?

AzattyqLIVE хабарында көп балалы аналардың әлеуметтік талаптары талқыланды. Алматыдағы студия сарапшысы – құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова.