Аптаның үздік жеті хикаясы

Алматыдағы наразылық акциясында арнайы жасақ өкілдері оппозиция белсендісін ұстап жатыр. Алматы, 23 маусым 2018 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Билік басында ұзақ отырған динозаврлармен жұмыс істеуді тоқтатуымыз керек"

14 наурызда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқықтары мәселесі туралы резолюция қабылдады. Депутаттар елдегі адам құқығы жағдайының нашарлап бара жатқанына алаңдайды. Мақаланы толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Your browser doesn’t support HTML5

"Билікте ұзақ отырған динозаврлармен жұмыс істеуді тоқтатуымыз керек"

Қырым түбегі Қазақстанның көпвекторлы саясатына сын болды

Осыдан бес жыл бұрын, 2014 жылы наурыздың 18-інде Ресей Украинадан аннексиялап алған Қырым автономиялық республикасының өзіне қосылғанын ресми түрде жариялады. Қазақстан ресми түрде Қырымды Ресей аумағының бөлігі деп таныған жоқ, бірақ бұл мәселе халықаралық деңгейде талқыланғанда көбіне Ресейді қолдап шықты. Мақаланы толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Әлемдік БАҚ: "Астана Шыңжаң мәселесін көтерген белсендіге қарсы шықты"

Қазақстанда "Атажұрт еріктілері" ұйымының жетекшісі Серікжан Біләштің ұсталғанын Батыс баспасөзі де жазды. Халықаралық басылымдардың пайымдауынша, Біләштің ұсталуы Қазақстан билігі өз азаматтарының құқығын емес, Қытаймен қарым-қатынасты жоғары қоятынын көрсетеді. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Кіріс пен мүлік декларациясы алдындағы күдік

2020 жылдан бастап Қазақстан жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін жаппай жариялауға көшеді. Билік осылайша "қалтарыстағы экономикамен" күреспекші. Сарапшылар азаматтардан табысы мен меншік заты туралы ақпарат талап ететін мемлекеттің өзінде ашықтық жоқ екенін айтады. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

​Әкімдіктен көмек сұраған аналар "тағы қысым көрген"

Азаттыққа шағымданған қызылордалық әйелдер тағы да қысым көргенін айтады. Айтуынша, билік өкілдері олардан "тілшілерге жалған ақпарат бердік" деп айтуды сұраған. Бұған дейін әкімдік алдында наразылық танытқан бұл аналар "белгісіз адамдар әкетіп, қол көтерді" деп шағымданған.​

Your browser doesn’t support HTML5

Әкімдіктен көмек сұраған аналар "тағы қысым көрген"

Тыйымнан кейінгі бір жыл. ҚДТ үшін қудаланғандар

2018 жылы наурыздың 13-і күні Қазақстан билігі бұрынғы банкир, қазіргі биліктің қарсыласы Мұхтар Әблязов құрған тіркелмеген қозғалыстың іс-әрекетіне тыйым салды. Былтыр осы қозғалысқа қатысы бар деген күдікке ілінген бірнеше адам істі болды. Олардың екеуі сотталды. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Ашаршылық пен репрессия жабық тақырып па?

Қазақстанда 1921-22 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы сталиндік репрессия тақырыптары талқыланып тұрады. Бұл мәселелер қоғам үшін, зерттеушілер үшін жабық па? AzattyqLIVE тікелей эфиріне ашаршылық пен репрессия кезеңі туралы деректі фильмдер түсіріп, зерттеп жүрген журналист Жанболат Мамай қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Ашаршылық пен репрессия жабық тақырып па?