Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінен кейін сөйлесіп тұр. Нұр-Сұлтан, 20 наурыз 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қазақстандағы ресейлік қала

Азаттық тілшісі Байқоңырда болып, бір кездері ресейлік жабық қаланың қалайша қазақстандық кентке айнала бастағанын көрді. Петр Троценконың Байқоңырдан әзірлеген репортажын оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Байқоңыр көшесі. 15 наурыз 2019 жыл.

Егемен Қазақстан СССР-ды қалай сақтап қалмақ болды?

«Қазақ ССР-інің егемендігі жайлы» декларация қабылдағанына бес ай толмай жатып Қазақстан 1991 жылғы наурыз референдумында СССР-ді сақтап қалуды қолдады. Сол кездегі билік «референдумсыз да Одақты қолдаймыз» деген ұстанымда болса, ресми баспасөз «иә» дегенді қалдырып, «жоқ» дегенді сызып тастайық, ағайын» деп ұрандатты. Мақаланы толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Сайрагүл Сауытбай: "Менің тағдырым ойыншық болып қалды"

Наурыздың 28-і күні түстен кейін Талдықорған қалалық сотында Шыңжаңда туған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың Алматы облыстық көші-қон қызметі басқармасының жанынан құрылған комиссия үстінен түсірген талап-арызы бойынша сот процесі қайта жалғасты. Шағым беруші жақ соттан шешімді заңсыз деп тануды, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруді сұрап отыр. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Билік транзиті тұсында мемлекеттің "полициялық болмысы" күшейді ме?

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатқаннан кейінгі алғашқы апта ел астанасын "ұлт көшбасшысы" құрметіне атауға наразыларды басумен ерекшеленді. Сарапшылар билік транзиті жүріп жатқан өтпелі кезеңде мемлекеттің "полициялық болмысы" күшейтілгенін айтады. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Ақпаратқа зәру, киімі тозған". Арон Атабектің түрмедегі жағдайы

Павлодардағы тергеу изоляторында жатқан диссидент Арон Атабекпен кездескен құқық қорғаушы Елена Семенованың айтуынша, тұтқын "ақпаратқа зәру", оның хаттары жолдаған жеріне жетпейді, өзіне хат келмейді. Атабек тозған киімін жамап-жасқап киюге мәжбүр. Түрме басшылығы бұл деректі терістейді.

"Бесобаға" ақша салғанымен үйсіз қалды

Қарағандыдағы "Бесоба" тұрғын үй кешеніндегі көп қабатты үйдің біреуі жеті жыл бұрын құлаған соң билік қалғанын да бұзып тастады. Құрылысқа жартылай ақша салған үлескерлер пәтерсіз қалды. Билік оларға басқа тұрғын үй қарастырылмағанын айтады, үлескерлер онымен келіспейді.​

Президент сайлауы қашан болмақ?

AzattyqLIVE Қазақстан президентінің сайлауы, оның саяси, заңдық, қоғамдық қырларын талқылады. Хабар сарапшысы - бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев. Хабарды көру үшін мына сілтемені басыңыз.