Аптаның үздік жеті хикаясы

Алматыдағы ЕҚЫҰ кеңсесі алдында плакат ұстап тұрған белсенді. Қаңтар айы, 2011 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Тоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы мерзімін жариялаған президент Тоқаев сайлаудың "ашық, әділ өтетінін" айтты. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Жоғары қолбасшылықтың президенттік резерві кім үшін құрылмақ?

Үкімет қарулы күштер жоғары қолбасшылығының президенттік резервін құру туралы жарлық жобасын әзірледі. Оған сәйкес әскери қызметкерлер арасынан арнайы топ жасақталып, кейін оның мүшелерін жоғары қолбасшылықтағы қызметтерге ұсыну жоспарланған. Сарапшылар бастаманың қағаз жүзіндегі нұсқасын құптағанмен идеяның сәтті жүзеге асырылатынына күмәнданады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Ерте сайлау: Заңнамалық қайшылықтар және "билік мұрасы"

Сарапшылар кезектен тыс өтетін президент сайлауының заңнамаға сәйкестігін түрліше бағалайды. Бірақ олардың бәрі саяси қажеттілік туғанда мәселенің заңдық жағы кейінгі орынға ысырылып қалатынын айтады.

ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды демократиялық деп тани ма?

Маусымның 9-ында президент сайлауы өтетінін жариялап тұрып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси бәсеке "адал, ашық әрі әділ" болатынын айтты. Сәуірдің 10-ында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында оның төрағасы және Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды "заңды түрде" және "демократия нормаларын сақтай отырып" өткізу керектігін айтты. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстандағы сайлауды үнемі бақылап келген Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) ресми өкілі не ойлайды?

Талғар өзенін қазу экологияға зиян емес пе?

Алматы облысында тұрғындар "Талғар өзені есепсіз қазылып жатыр" деп шағымданады. Айтуларынша, Талғардың суы азайып, ауылдарға жетпей қалып жатыр, арнасы да қоқысқа толған. Әкімдіктің мәлімдеуінше, 11 компания Талғар өзенін қазып, құм-тас жинауға рұқсат алған. Министр компаниялардың лицензиясын тексеретінін айтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Талғар өзенін қазу экологияға зиян емес пе?

Тазы мен төбетке жойылу қаупі төніп тұр

Қазақстандық кинологтар ұлттық игілік саналатын асыл тұқымды ит түрлерін сақтап қалуға және оларды халықаралық деңгейде танытуға күш салып жатыр. Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Президент сайлауына оппозиция үміткер ұсына ала ма?

AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін президент сайлауы, оған оппозициялық күштердің үміткер ұсыну мүмкіндігі талқыланды. Хабарға оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

Президент сайлауына оппозиция үміткер ұсына ала ма?