Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстан студенттерінің Алматыда қамалған жастарды қолдау акциясы. Париж, 24 сәуір 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Украинадағы сайлау - Қазақстан билігі үшін қорқынышты түс"

Украинада өткен президент сайлауында шоумен Владимир Зеленский жеңіске жетті. Қазақстандық сарапшылар бұл сайлауды «Украина халық билігіне қадам басты» деп бағалады. Азаттық тілшісі «кезектен тыс президент сайлауына дайындалып жатқан Қазақстанда билік демократиялық жолмен ауысуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрді. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Қазақ-қытай қатынасында Назарбаевтың салмағы әлі басым"

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" форумына "құрметті қонақ" ретінде қатысады. Бұл сапарында ол Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізбек. Сарапшылар Назарбаев президенттіктен кетсе де, қазақ-қытай қатынасындағы негізгі тұлға болып қалады деп санайды.

Қазақстандық "гастарбайтерлердің" үміті ақтала ма?

Оңтүстік Кореяда 10 мыңға жуық қазақстандық еңбек мигранты бар. Олар Нұр-Сұлтан өздерінің жұмыс табу жағдайын жақсартуға көмектессе деп тілейді. Жергілікті сарапшы "Қазақстан гастарбайтері бар екенін мойындауға намыстанады" деп санайды. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Бәрі сценарий бойынша жүріп жатыр"

Билік партиясының Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынуы әлеуметтік желіде қарама-қайшы пікір тудырды. Кейбіреулер Тоқаев тың өзгеріс әкеледі деген үміт білдірсе, өзгелері ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлеңкесі болып қалады деп санайды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Сарапшы: "Тоқаев бірнеше жылдан кейін билікті өзіне тарта бастайды"

"Нұр Отан" партиясының кандидаты Тоқаевты саясаттанушылар өтімді үміткер деп санайды. Ал оппозициялық партия өкілі "саяси науқанның нәтижесі белгілі" дейді.

Your browser doesn’t support HTML5

"Тоқаев бірнеше жылдан кейін билікті өзіне тарта бастайды"

"Билік журналистерге кедергі жасаудың технологиясын өзгертті"

"Әділ сөз" баспасөз қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда қандай тақырыптарды жазуға тыйым салынатынын айтты. Ол сәуірдің ортасында Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының "Журналистерге шабуыл: БАҚ жұмысына төнген қауіп" атты конференцияға қатысты. Жиында Әженова Қазақстандағы журналистерге жасалатын қысым, тілшілер үстінен қозғалған соттар туралы айтқан.

Your browser doesn’t support HTML5

"Билік журналистерге кедергі жасаудың технологиясын өзгертті"

Шетте оқитын қазақ жастары Алматыда қамалғандарды қолдады

Италия, Чехия, Франция, Ұлыбритания және Грузияда оқитын қазақстандық студенттер осы елдердегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері алдында және өзге орындарда Төлесова мен Толымбековті қолдап, "Шындықтан құтыла алмайсың" акциясын өткізді.

Шетте оқитын қазақ жастары Алматыда қамалғандарды қолдады