Қажыгелдин мен Рысқалиев қатысқан жиында не талқыланды?
Мамырдың 20-21 күндері Парижде өткен конференцияда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай талқыланды. Жиынға бір топ қазақстандық белсенді және қазір Еуропада тұрып жатқан бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қатысты. «Ақиқат» ЖСДП төрағасы Ермұрат Бапи Париждегі жиында қандай мәселелер талқыланғанын Азаттыққа айтып берді.
Батыста оқып, Жапонияда еңбек етіп, Нұр-Сұлтанда қамалған
АҚШ-та оқып, Жапонияда кәсіп қылған соң Қазақстанға оралған қостанайлық ағайынды екі жігіт мамырдың 9-ы күні "заң қызметкерлеріне бағынбады" деген айыппен бес тәулікке қамалған. Олар Азаттыққа қалайша "деструктивті сыртқы күшке" айналып кете жаздағандарын баяндап берді. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Huawei мен Google тартысы қазақстандық қолданушыларға қалай әсер етеді?
Google интернет компаниясы қытайлық Huawei корпорациясымен әріптестігін тоқтатып, Android бағдарламасын жаңарту мүмкіндігін шектеді. Қазақстанда Huawei смартфоны бар тұрғындарға бұл қалай әсер етпек? Азаттық зерттеп көрді.
Еуразия медиа форумында сөз бостандығы жайлы айтылмады
Мамырдың 24-і күні Алматыда Еуразия медиа форумы аяқталды. Үш күнге созылған жиында Қазақстан немесе Орталық Азиядағы сөз бостандығы, баспасөзге қысым мәселелеріне жеке сессия арналмады. Сарапшылар бұл мемлекеттің жарнамалық жобасы деп санайды. Ұйымдастырушылар форум ғаламдық мәселелерге арналғанын алға тартады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
Нұр-Сұлтанда ондаған ана тағы да баспана мәселесін көтерді
23 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстан индустрия және инфрақұрылым министрлігінің ғимараты алдында бірі мүгедек баласы бағып отырған, бірі көп балалы отыздан аса ана келді. Олар баспана мәселесіне шағынып, мүгедек баласы бар аналарға арнаулы баспана кезегін құруды сұрады. Жиналғандар "көп балалы аналар үшін әкімдік құрған арнаулы баспана кезегіне мүгедек балалылар қосылса, кезегіміз ұзарып, біз артта қалып қоямыз" деді.
Your browser doesn’t support HTML5
Кеніш маңындағы ауыл тұрғындары көшіруді я өтемақыны талап етеді
Қарағанды облысындағы Ескі Жәйрем тұрғындары қауіпсіз орынға көшіруді, я денсаулықтарына залал келтіргені үшін өтемақы төлеуді талап етеді. Олардың ауылы полиметалл кен өндіру мекемесінің карьері мен үйінділерінің дәл іргесінде тұр. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Сайлау алдында оппозиция біріге ала ма?
AzattyqLIVE тікелей эфирінде "Ақиқат" ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай мен журналист-жазушы Мырзан Кенжебай Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар мен саяси науқан – президент сайлауы алдындағы жағдайды талқылап, пікір таластырды.
Your browser doesn’t support HTML5