Аптаның үздік жеті хикаясы

Конституция күнгі жастар шеруі. Алматы, 30 тамыз 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Конституция күні белсенділер билікке талап қойды

30 тамыз – Қазақстан Конституциясы күні Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте биліктен елдің негізгі заңын өзгертуді талап еткен шаралар өтті. Толығырақ оқыңыз.

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы жастарының маршы қалай өтті?

Орамал дауы талқыланған жиыннан нәтиже шықпады

Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбеде орамал дауы қайта көтерілді. Оқушы қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституциядағы құқықтарының бұзылып жатқанын айтты. Олар қыздарын қыркүйектен бастап мектепке орамалмен кіргізуді талап етті.

Толығырақ оқыңыз.

Алғашқы советтік атом бомбасының өтеуі кейін белгілі болды

Your browser doesn’t support HTML5

Алғашқы советтік атом бомбасының өтеуі кейін белгілі болды

1949 жылы 29 тамызда Совет одағы Семей полигонында алғашқы ядролық қару сынағын өткізді. Ал 1953 жылы сутегі бомбасын сынады. Семей полигоны 1991 жылы жабылғанға дейін онда 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон маңындағы тұрғын халық "жарылыстар зардабын әлі күнге тартып отырғанын" айтады.

"Терроризмді насихаттағаны" үшін сотталған әйелдің түрмеден оралуы

"Терроризмді насихаттап", "діни алауыздықты қоздырғаны" үшін түрмеге қамалған бұрынғы тұтқын экстремизмге қатысы жоғын, бұрынғы діни көзқарасы өзгермегенін айтады. Ол Азаттық тілшісіне колонияда басынан өткені, өз-өзіне қол салмақшы болғаны, әкелері түрмеде отырған балаларымен кездесуден кейін құрған жоспары жайлы баяндап берді.

Толығырақ оқыңыз.

Оңтүстік жастарын солтүстік пен шығысқа бұрудан не шықты?

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі жастарды елдің солтүстігі мен шығысындағы облыстарда оқытып, жұмыспен қамту жобасына бес жыл толды. Бірақ бағдарлама бойынша оқуға түскендердің басым көпшілігі туған жерлеріне қайтып кетіп жатыр.

Толығырақ оқыңыз.

Әлкей Марғұлан және совет билігінің қыспағы

Сталиндік қуғын-сүргін мен идеологиялық қысым қазақстандық археологияның негізін салушы және халық эпостарын зерттеуші, академик Әлкей Марғұланды да айналып өтпеді. Ғылыми ортада кеңінен танылған Марғұланды кезінде "буржуазиялық ұлтшыл" деп те айыптады. Биыл туғанына 115 жыл толған ғалым жайлы әлі толық зерттелмеген деректер жетерлік.

Толығырақ оқыңыз.

Арзамасоваға оқ атудың астарында не жатыр?​

Your browser doesn’t support HTML5

Белсенді Арзамасоваға әкімдік алдында оқ атты

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің алдында белсенді Галина Арзамасоваға пневматикалық тапаншадан оқ атқан күдікті ұсталды. 22 жастағы күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Қазір ауруханада жатқан Арзамасова бұл қастандықты азаматтық белсенділігімен байланыстырады.

Толығырақ оқыңыз.