Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Қытай басшысы Си Цзиньпин. Пекин, 11 қыркүйек 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Қытаймен қатынас "ұзақ мерзімді" ме, әлде "мәңгілік" пе?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинге сапарында Қытай басшысымен "мәңгілік стратегиялық серіктестік" мәлімдемесіне қол қойғанын жарияласа, президенттің ресми сайты "ұзақ мерзімді серіктестік" жайлы хабар таратты. Сарапшылар дипломатия саласында "мәңгілік" пен "ұзақ мерзімді" келісімдердің айырмасы бар екенін айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

Сарапшылар: "Шын мәнінде масыл – халық емес, биліктің өзі"

Қазақстан билігі тамызда атаулы әлеуметтік көмек алатындар санын жариялағанда кедейлік шегінде өмір сүретіндер саны бірер айда үш есе "өскені" белгілі болды. Азаттық сөйлескен сарапшылар үкіметтің әлеуметтік саясаты мен көмекке мұқтаж жұрттың "масылдығын" кінәлаған билікті сынайды. Толығырақ оқу үшін >>>

Өзбекстанның АЭС салу жоспарына Қазақстандағы реакция

Ресеймен атом электр станциясының құрылысы туралы келісімге қол қойған Өзбекстан болашақ ядролық нысан Қазақстан шекарасынан ондаған километр қашықтағы Тұзқан көлі тұсында орналасуы ықтимал екенін айтты. Қазақстан экология министрлігі Ташкенттен Нұр-Сұлтанға АЭС салу жоспары туралы ресми хабарлама келмегенін айтады. Ал энергетика министрлігі Өзбекстан АЭС құрылысы туралы көрші мемлекеттерге ескертуге міндетті емес деп есептейді. Қазақстандық экологтар ведомство мәлімдемесімен келіспейді. Толығырақ оқу үшін >>>

Ермұрат Бапиды ЖСДП төрағалығынан неге кетірді?

Your browser doesn’t support HTML5

Оппозициялық партия ішіне іріткі салған ба?

Оппозициялық «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) съезінде Ермұрат Бапи партия төрағасы лауазымынан алынып, партия қатарынан шығарылғаны елде түрлі пікір тудырды. Партиядағылар «Бапи шетте қашып жүргендерден ақша алмақ болды» деп айыптайды. Ал Бапи айыптауларды жоққа шығарады. Толығырақ оқу үшін >>>

Қытай инвестициясы: жұрт үрейі һәм билік мүддесі

Қыркүйектің басында Жаңаөзенде "Қазақстандағы Қытай жобаларына" қарсы наразылық шарасы өтті. Кейін елдің бірнеше қаласында да жаңаөзендіктерді қолдап "Қытайдың 55 зауытына қарсы" акция болды. Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық неден тұтанды? Жұрттың алаңдауында негіз бар ма? Азаттық тілшісі сарапшылардан жұрт қарсы болған Қытай инвестициясының Қазақстан экономикасындағы орны жайлы пікір сұрады. Толығырақ оқу үшін >>>

Шетелдік жұмысшылармен жанжалдан соң билік жергілікті маман даярлауды қолға алды

Тамыздың 12-сі күні Жәйремде болған жанжалда бірнеше шетелдік жұмысшы жапа шеккен. Тұрғындар жұмысқа тұрудың қиындығы мен кәсіпорындардың шетелдіктерді жұмысқа тартуға әуес екенін айтып, наразылық білдіреді. Билік жұмыс мәселесін шешуге уәде беріп отыр. Толығырақ оқу үшін >>>

Азия қаламгерлерінің алғашқы форумы қалай өтті?​

Your browser doesn’t support HTML5

Азия қаламгерлерінің алғашқы форумы қалай өтті?

AzattyqLIVE-та жақында Нұр-Сұлтанда өткен Азия қаламгерлерінің бірінші форумының мән-жайы талқыланды. Хабар қонақтары - Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек және ақын, аудармашы Дәурен Берікқажыұлы.

Толығырақ оқу үшін >>>