Аптаның үздік жеті хикаясы

БҰҰ-ның 74-сессиясына келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 24 қыркүйек 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

"Ол жақта бәрібір тірі қалмас едім". Сирияда болған жігіттің хикаясы

Қазақстанның арнаулы қызметі Таяу Шығыстан елге жеткізгеннен кейін "террористік қылмыс жасады" деген айыппен тоғыз жылға сотталған Теміртау тұрғыны Азаттыққа Сириядағы өмірі, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының идеологиясынан неге көңілі қалғаны және елге қалай оралғаны туралы айтып берді. Толығырақ оқу үшін >>>

Шетелдік студенттермен төбелесті "тұрмыстық жанжал" деп атады​

Your browser doesn’t support HTML5

Студенттер арасындағы жанжалдың анық-қанығы

Шымкентте қазақстандық және өзбекстандық студенттер арасындағы жанжалдан соң "бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалып, университетте күзет күшейтілді. Билік оқиғаны "тұрмыстық жанжал" деп атады. Шетелдік жастар жәрдем сұраған Өзбекстан дипломаттары Қазақстаннан олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайтынын айтады. Толығырақ оқу үшін >>>

Тоқаевты уәдесін орындауға, белсенділерді қамамауға шақырды

Your browser doesn’t support HTML5

Тоқаев: Қазақстанда демократия енді қалыптасып келеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеп, елдегі демократия жайлы айтты. 30 жыл ел президенті болып, биыл наурызда өкілетін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін «Қазақстан демократияға келгенде Батыс елдері сияқты бола алмайтынын, оның өз дәстүрі мен жолы барын» айтқан. Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы соңғы ұстаулар мен қамауларды сынап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "саяси реформалар жүргізу жайлы" бірнеше ай бұрын берген уәдесін еске салды.

Дайындық курсына түсе алмаған шетел қазақтары "Нұр Отанға" барды

Your browser doesn’t support HTML5

Дайындық курсына түсе алмаған шетел қазақтары "Нұр Отанға" барды

Моңғолия, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстаннан Қазақстанға келіп, дайындық курсына түскен студенттер білім гранттарын бөлу комиссиясының шешіміне наразылық білдірді. Олар 26 қыркүйекте "Нұр Отан" партиясының кеңсесіне барып, мәселеге араласуды сұрады.

"Томирис" фильмі қоғамды әйел басшыға дайындау ма?

Қазақстанда ежелгі көшпелі тайпалардың патшайымы туралы «Томирис» фильмі жарық көрді. Кинотуынды продюсері - бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы. «Фильм қоғамдық сананы әйел басшының билікке келуіне дайындап жатыр» деген пікір де бар. Киносыншылардың бірі фильмді бұрынғы мемлекет басшысының үлкен қызының «сайлауалды ролигі» деп атады. Толығырақ оқу үшін >>>

Бейбіт шеру бостандығы. Билік пен белсенділердің бағасы әрқилы

Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам құқығы өлшемдері жөніндегі дәстүрлі кеңесінде бейбіт жиын өткізу туралы сөйлеген Қазақстанның үкімет делегациясы мен азаматтық қоғам өкілдері елдегі адам құқығының жағдайын әрқилы бағалады. Толығырақ оқу үшін >>>

AzattyqLIVE. Бейбіт жиын өткізу неге қиын?

Your browser doesn’t support HTML5

Бейбіт жиын өткізу неге қиын?

AzattyqLIVE Қазақстанда тұрғындардың бейбіт жиын өткізу құқығын іске асыруы мен азаматтық бостандықтардың қазіргі ахуалын белсенді, құқық қорғаушы Маржан Аспандиаровамен талқылады.