Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Назарбаева мен Әлиевтің қымбат үйлеріне қатысты сотта не айтылды?

8 сәуірде Лондонның Жоғарғы соты Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевтің Лондондағы қымбат үйлеріне қойылған ордердің күшін жойды. Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі (NCA) Назарбаева мен Әлиев Лондондағы екі зәулім үй мен қымбат пәтерді “шығу төркіні белгісіз байлыққа алды” деген күдікпен бұғаттау туралы ордер шығарған. Агенттік үй Назарбаеваның бұрынғы күйеуі, Нұрәли Әлиевтің әкесі Рахат Әлиевтің “қылмыстық жолмен тапқан ақшасына алынды” деп күдіктенген. Интернетке жарияланған сот шешімінде екі тараптың қандай дәлел ұсынғаны толық жазылған.

Толығырақ >>>

Коронавирус жұқтырған дәрігердің бастан кешкендері

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаева ауруханадағы жағдайға шағымданады. "Карантиндегі адамдарға дәрігерлер барғысы келмеді. Арасында жүкті әйел болған соң гинекологты айғай-шумен кіргіздік" деген дәрігер бастапқыда маска да тапшы болғанын айтады. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы "ауруханада маска да, қорғаныш киімдері де жеткілікті" деп санайды.

Толығырақ >>>

"Бейбіт жиын" туралы заң жобасы жеткілікті талқыланды ма?

Белсенділері «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы төтенше жағдай кезінде асығыс қабылданбауы тиіс деп санайды. Ақпарат министрлігі жаңа заң халықаралық тәжірибеге сай жасалғанын айтады.

Толығырақ >>>

Your browser doesn’t support HTML5

Митинг туралы жаңа заңды мәжіліс мақұлдап, сарапшылар сынады

"Ұлттық қорға қол салуға тура келеді". Коронавирус, мұнай және Қазақстан

Мұнай бағасының төмендеуі мен коронавирустің кесірінен туған дағдарыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етіп жатыр? Дағдарыс ұзаққа созылуы мүмкін бе? Теңге бағамы қалай болады? Осы және өзге десұрақтарды Азаттық Ekonomist.kz онлайн жобасының авторы, экономист Қасымхан Қаппаровқа қойып көрді.

Толығырақ >>>

Жақыныңмен алыстан қоштасу. Вирус жерлеу жоралғысын өзгертті

Эпидемияның тарауы құрбандарды жоқтау, жерлеу рәсіміне ғана емес, адамдардың бір-бірін жұбатуына да өзгеріс әкелді. Кейбір жоралғылар виртуалды түрде атқарылып жатыр.

Толығырақ >>>

"Карантин кезінде күн сайын 2-3 тонна қияр шіріп жатыр"

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылыжайға помидор, қияр, капуста еккен диқандар карантин салдарынан еңбегіміз зая кете бастады дейді. Бұрын осы уақытта жүздеген жүк көлігі көкөніс артып шығатын ауылдар жым-жырт.

Толығырақ >>>

"Кедей елдің кедей мұғалімінің" көз жасы һәм кешірім сұрауы

Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр ауылының (Ақын Қалқа ауылы деп те аталады) мұғалімі карантин кезінде түнделетіп интернет үшін сіңілісінің үйіне барып Kundelik.kz сайтына кіретінін айтып шағымданды. Ол желіге жариялаған видеосында “кедей елдің кедей мұғалімімін” деген еді. Бір күннен соң мұғалім “кедей ел” жайлы сөзі үшін кешірім сұрады.

Your browser doesn’t support HTML5

"Кедей елдің кедей мұғалімінің" көз жасы һәм кешірім сұрауы