Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Экс-әкімнің енесі және депутат басқаратын ұйымдар. Birgemiz қоры құрылтайшылары кім?

Қазақстанда коронавирус өршіген тұста экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев өз бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорынан "152 мыңнан астам отбасыға 50 мың теңгеден қаржылай көмек берілгенін" айтты. Азаттық зерттей келе бұл қордың құрылтайшылары - Назарбаев ел басқарып тұрғанда соның маңында жұмыс істеген шенеуніктер мен олардың бірінің енесі екенін анықтады.

Your browser doesn’t support HTML5

Экс-әкімнің енесі және тендер алған депутат. Назарбаев қорының құрылтайшысы кім?

Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

Алматының орталық қалалық клиникалық ауруханасы коронавирус ошағына айналып, 11 сәуірден бері карантинге жабылды. Ресми дерек бойынша, медицина мекемесінің коронавирус анықталған қызметкерлер саны 182-ге жетті. Шудан кейін медицина мекемесінің бас дәрігері қызметінен кетті. Қаланың бас санитары коронавирустың тарауына дәрігерлердің де кінәсі бар деген. Аурухананың дәрігерлерінің өзі не дейді?

Фобия ма, әлде ақша үнемдеу ме? Қазақстандықтар онлайн тапсырыс беруге құлықсыз

COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер кезінде әлемнің көп мемлекетінде онлайн тапсырысқа сұраныс артып, жеткізу қызметімен айналысатын компаниялардың жұмысы көбейді. Ал бір айдан бері төтенше жағдай режимінде отырған Қазақстанда жеткізу қызметіне сұраныс айтарлықтай артпаған. Азаттық оның себептерін анықтауға тырысты.

Жітіқарада вирустан көз жұмған марқұмның жақындары "дәрігерлердің салғырттығына" қапалы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы тұрғыны Сапаржан Темірбеков коронавирустан қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы "марқұм ауруханаға қаралмай, өз-өзін емдеген" деп мәлімдеді. Бірақ Темірбековтің жақындары "жедел жәрдем қызуы көтерілген науқастарды бірден ауруханаға алып кетпегенін" айтады. Ал денсаулық сақтау министрлігі науқастың қазасын тексермек.

"Қазақстан пандемияға дайын болмады". Вирус жұққан дәрігер азаймай тұр

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сәуірдің 17-сінде коронавирус табылған дәрігерлер 234-ке жеткенін хабарлады. Азаттық сөйлескен дәрігер «карантин кезінде вирус белгілері байқала бастады» дейді. Ол тесті қайта тапсыру туралы талабына ешкімнің құлақ аспай жатқанын айтады.

Your browser doesn’t support HTML5

"Қазақстан пандемияға дайын болмады". Вирус жұққан дәрігер азаймай тұр

Нұр-Сұлтан нотасына реакция және қытай дипломаттарының "агрессияшыл сарыны"

Халықаралық басылымдар Қазақстанның қытай интернет-сайтында жарық көрген қазақ жеріне қатысты мақалаға орай Пекинге қарсылық нотасын жібергені туралы жазды. Ізінше сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы елшісі кейбір басылымдардың "түймедейді түйедей қылып" отырғанын айтты. Америкадағы Foreign Policy журналы бүкіл әлемдегі қытай дипломаттарының “агрессияшыл сарынға” көше бастағанын жазып, мұның астарына үңілді.

Коронавирустан емдейтін үш аурухана қашан бітпек?

Қазақстан билігі коронавирус таралуына байланысты үш аурухана салынатынын хабарлағалы екі аптаға жуықтады. Құрылыс қалай жүріп жатыр? Шымкенттегі аурухананың жұмысы неге тоқтап тұр? Тұрғындар не дейді? Азаттық анықтап көрді.

Your browser doesn’t support HTML5

Коронавирустан емдейтін үш аурухана қашан бітпек?