Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Жақсыбековтің саяси мансабы аяқталды ма?

Президент әкімшілігін басқарған Әділбек Жақсыбеков "зейнет жасына толуына байланысты" қызметінен кетті. Оның орнына Астана әкімі болған Әсет Исекешев тағайындалды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Жақсыбековтің қызметтегі өкілетін 2022 жылдың шілдесіне дейін созған. Неліктен 13 айдан соң президент әкімшілігінің жетекшісі "құрметті демалысқа" шықты?​ Қазис Тоғызбаевтың мақаласы.

Қазақстандағы дүнгендердің үйлену тойы

Қазақстандағы дүнген ұлты үйлену тойын қалай өткізеді. Азаттық тілшісі Петр Троценко Жамбыл облысы Сортөбе ауылындағы дүнген отбасындағы тойдың қонағы болып қайтты.

Санкция ықпалына ұшыраған ЕАЭО-ның бүгіні мен болашағы​

Соңғы бірнеше апта Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің валюталық нарығына нағыз сынақ болды. Бұл сынақтан бірінші болып Ресей рублі мен Қазақстан теңгесі "сүрінді". Азаттық тілшісі Гүлмира Қазакөзова "сүріну" себебін Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сарапшыларынан сұрап көрді.

Қазақстан көкпаршылары жеңілгенімен "мақсатқа жеткен"

Қырғызстанда өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан көкпаршыларының жеңілісі жанкүйерлер арасында шу туғызды. Осыдан кейін елдің ұлттық спорт федерациясы Астанада жиын өткізіп, көкпаршылардың жеңілісіне байланысты түсінік беруге мәжбүр болды. Көкпаршылардың жеңілісінің себебін Азаттық тілшісі Нұртай Лаханұлы зерттеп көрді.

Сауықтыру орталығын ашқан сырқат перзентті ана

Алматы облысы Талғар ауданындағы шағын ауылдардың бірінде жергілікті сырқат балаларды қоғамға бейімдеп, сауықтыруға күш салып жүрген "Ақжол-М" орталығы бар. Азаттық тілшісі Аян Қалмұрат қайырымдылық қаржысымен қызмет етіп тұрған елдегі жалғыз сауықтыру орталығына барып қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Еріктілер қаржысымен ашылған бейімдеу орталығы

Қазақстан жолдарының сапасы жақсара ма?

Жолаушы тасып күнелтетін жүргізушілер елдегі жол сапасына шағымданады. Қазақстан билігі жол сапасын жақсарту үшін не істемек? Азаттық тілшісі Мәди Бекмағанбет анықтап көрді.

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстан жолдарының сапасы жақсара ма?

Суицид деңгейі жоғары елдер

Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымының зерттеуі негізінде дайындалған инфографиканы көріңіз.