Аптаның үздік жеті хикаясы

"Жиһадшыларға" қарсы соғысып жатқан Сирия азаматтары. Сирия, Алеппо, 10 қазан 2016 жыл. (Көрнекі сурет)

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Дәурен Абаев: "Қазір бізге ақпараттық гигиена қажет сияқты"

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Азаттық тілшісі Өркен Жоямергенге берген эксклюзив сұхбатында Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы, әлеуметтік желілердің бұғатталуы мен елдегі интернет байланысының жағдайы және өзге де мәселелер туралы айтты.

Қытайдан келіп құжатсыз жүрген қазақ балалары

Қазақстанға Қытайдан көшіп келген немесе ата-анасы Қытайға барып, кері қайта алмай қалған этникалық қазақтардың кейбірінің балаларында жеке басын куәландыратын құжаты жоқ. Кейбірінің мерзімі аяқталған. Ал әке-шешесі жанында жоқ кей балалар құжат мерзімін ұзарта алмай жүр.

"Перзенті өлгенде шахид болды деп қуанды"

Ресми дерек бойынша, Сириядағы соғысқа Қазақстаннан алты жүзге жуық адам кеткен. Олардың арасында Жезқазған аймағының тұрғындары да бар. Сирияға кеткендер елге оралса қоғамға қайта сіңіп кете ала ма? Ата-анасымен Сирияға кеткен балалардың тағдыры не болмақ? "Біздің атымыздан емес" бағдарламасында Жезқазған жастары осы сұрақтарды талқылады.

Your browser doesn’t support HTML5

Біздің атымыздан емес. 4-бөлім. Қазақстан

Жақсыбековті ығыстырып, Дариғаның шарықтауы

Әділбек Жақсыбеков соңғы ширек ғасырға жуық уақыт ішінде алғаш рет жоғары лауазымды қызметсіз қалды. Бұған Қазақстан президентінің үлкен қызы себепкер болуы мүмкін. Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Брюс Панниердің блогы.

Жаңа ипотека Қазақстандағы тұрғын үй мәселесін шеше ме?

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарты бойынша пәтерді табысы тұрақты, өз атында баспанасы мен ипотекалық несиесі жоқ азаматтар сатып ала алады. Жылжымайтын мүлік нарығы мамандары бағдарлама шартын өзгертпесе, күткен нәтиже бермейтінін айтады.​ Азаттық тілшісі Гүлмира Қаракөзованың зерттеуі.

"Алпамыс жырын" жатқа оқитын Михаил

Алматы мектептерінің бірінде 8-сыныпта оқитын Михаил Шутов "Алпамыс жырының" елу бетін жатқа айтады. Жыр оқудан аудандық жарыста жеңіске жеткен оқушы қазір облыстық конкурсқа дайындалып жатыр. Жыршы Михаилмен Азаттық тілшісі Аян Қалмұрат кездесіп қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

"Алпамыс жырын" жатқа оқитын Михаил

Алкоголь ішуден қай ел алда?

Қазақстанда жан басына шаққанда әр адам қанша литр алкоголь ішеді? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі.