"Нан-пұлын табуға келген" өзбекстандық терімшілер
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталғанда шаруалар Өзбекстаннан терімшілерді шақырады. Азаттық тілшісі Дилара Иса алқапта жүрген терімшілердің бір күндік жұмысын көріп, тілдесіп қайтты.
Ғарыш саласында Ресей АҚШ-тан қалып барады
АҚШ пен Ресей арасындағы ғарышты игеру бойынша көп жылға созылған бәсекелестік біресе өршіп, біресе бәсеңсіп тұрса да, Байқоңырға еш ықпал етпеді. АҚШ-тың амбициялық жаңа ғарыш жобалары әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірін тот басқан металл үйіндісіне айналдырып жібере ала ма? Азаттық тілшісінің зерттеуі
"78 жастағы шешем лагерьде қамауда отыр"
Қытайдан көшіп келген Болатбек Рақымбайұлының 78 шешесі Гүлсімхан Базарбекқызы Қытайға барып, қайта тәрбиелеу орталығына қамалған. Ол Қазақстан билігінен көмек сұрайды. "Қытайда жақындарымыз қамалды" деген қазақтард Алматыда тағы жиын өткізді.
Қонақбаев пен Рахимов AIBA-ны басқару үшін жекпе-жекке шықты
Қазақстандық Серік Қонақбаев пен өзбекстандық Гафур Рахимов Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенттігіне таласып жатыр. Рахимов - қарашада өтетін AIBA президенттігінің сайлауына жалғыз кандидат. АIBA Қонақбаев белгіленген уақытқа дейін құжаттарын тапсырып үлгермегені үшін кандидатурасын тіркемеді. Қонақбаев сотқа шағымданды. Ал Халықаралық олимпиада комитеті "егер Рахимов президент болып сайланса, боксты олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін". Қонақбаев, Рахимов, ХОК үштігінің тартысы бокстың болашағын айқындамақ.
Ақау шыққан "Союз" ғарыш кемесі
Байқоңыр ғарыш айлағынан 11 қазан күні ұшырылған "Союз" ғарыш кемесінен ақау шықты. "Роскосмостың" хабарлауынша, ғарыш кемесінің двигателі істен шыққан. Оқиғаның хронологиясы.
Ауаны ластайтын зиянды қалдықтарды азайтуға уәде берді
Қоғам тарапынан ауаның ластануына байланысты шағым көбейгендіктен Теміртаудағы металлургия комбинаты сүзгі қоятынын мәлімдеді. Есеп бойынша, сүзгі арқасында ауаға шығаратын тозаң мөлшері жылына 200 тоннаға азаюы тиіс. Азаттық тілшісі Елена Вебердің мақаласы.
174-бап бойынша сотталғандардың өз құқықтары үшін күресі
"Алауыздық тудыру" айыбы бойынша сотталып, жазасын өтегендер (соңғы жылдары Қазақстанда бұл баппен ондаған белсенді сотталды) банк және сақтандыру қызметін қолдана алмайды. Тіпті жеке заттарын ломбардқа да өткізе алмайды. Азаттық тілшісі Қазис Тоғызбаевтың мақаласы.