"Тоқаевтың идеясын жемқорлық пен мүдделер тұншықтырады". Жолдауға реакция
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа екінші жолдауын жасады. Тура бір жыл бұрын мыңдаған адам наразылық білдірген тұста билікке келген Тоқаев алғашқы жолдауында "елде саяси реформалар болады" деп уәде еткен. Cарапшылар "былтырғы сөзінде тұрмаған" президенттің биылғы айтқаны да "әлденені өзгертеріне" сенбейді.