Қазақтың тұңғыш ғарышкері

22 жыл бұрын, 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.



Тоқтар Әубәкіровтің Совет Одағы мен Австрия ғарыш экипажының мүшесі болған кезі. 2 қазан, 1991жыл.

Тоқтар Әубәкіров (оң жақтан санағанда бірінші тұр) - қазақтың тұңғыш ғарышкері.

Тоқтар Әубәкіров Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен суретке түсіп тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.

1996 жылы Тоқтар Әубәкіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Әубәкіровтің Ресейдің "Роскосмос" федералды ғарыш агенттігінің зымыран ұшыру басқармасында "Союз ТМ-27" кемесінің ғарышқа шығуын бақылап отырған сәті. 1998 жыл.

2001-2007 жылдары Қазақстан парламенті депутаты болған Тоқтар Әубәкіров оппозицияға өтіп, ЖСДП мен "Азат" партиясының бірігу съезіне келді. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

Тоқтар Әубәкіров оппозициялық ЖСДП мен "Азат" партияларының бірігу съезінде сөйлеп тұр. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

Тоқтар Әубәкіров оппозициялық ЖСДП мен "Азат" партияларының бірігу съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.

"Азат" ЖСДП оппозициялық партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай (ортада), осы партия төралқасының мүшесі, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) және оппозициялық саясаткер, сенаттың бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова (оң жақта) Қазақстандағы сайлау проблемалары туралы конференция өткізіп отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.

Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) және «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 27 желтоқсан 2010 жыл.

Тоқтар Әубәкіров жалпы-ұлтттық социал-демократиялық партия мүшесі ретінде сайлау алдындағы партия съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 26 қараша, 2011 жыл.

2012 жылы сәуір айында Тоқтар Әубәкіров оппозициялық «Азат» ЖСДП партиясынан шыққанын мәлімдеді. Бір айдан соң (мамыр) ол «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы президентінің кеңесшісі Тоқтар Әубәкіровтің MissRailways-2012 («Теміржол аруы»-2012) фотоконкурсының іріктеуіне қатысып тұрған сәті. Фото «Қазақстан темір жолы» компаниясының ресми сайтынан алынды.