Әскердегі әлімжеттік, мақта терген балалар және Назарбаевтың жаңа музейі. Аптаның үздік 7 мақаласы

Kazakhstan – Cotton field in Turkistan region. September 29, 2020

Осы аптада Азаттық әскердегі әлімжеттік тақырыбын қозғап, Шыңжаңдағы мұсылмандарға қарсы науқан туралы кітап жазған антрополог Шон Роберстен сұхбат алды, Түркістан облысындағы мақта егушілердің мұңы туралы жазып, онда бала еңбегіне тағы бір мақала арнады. Сондай-ақ сайтымызда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астанасынан ашылған жаңа музейі туралы зерттеу жарияланды, Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданындағы жарығы сөне беретін ауыл тұрғындарының жанақайы баяндалды. Апта соңында сайлау барысын технология көмегімен бақылағысы келетіндер туралы мақала жарық көрді.

"Лох", "черт", "тоқылдақ". Әскердегі психологиялық әлімжеттік басылмай тұр

Алматы облысында әскерге шақыртылғанына үш-ақ ай болған 19 жастағы жігіт биік мұнарадан секіріп мерт болды. Сот айыпты деп таныған сержантқа алты жыл түрме жазасын кесті. Үкіммен келіспеген екі тарап та мұның артында әскердегі әлімжеттік мәселесі тұр дейді. Билік жаңа технологияның көмегімен ұрып-соғуды азайтамыз десе, сарапшылар "әлімжеттіктің формасы өзгеріп жатыр, оны ешбір камера байқамайды" деп дабыл қағады. Мақаланы оқу үшін сілтемені басыңыз.

"Ұйғырларға қарсы соғыс", жаңа дәуірдегі колониализм және Шыңжаңдағы "мәдени геноцид""Ұйғырларға қарсы соғыс", жаңа дәуірдегі колониализм және Шыңжаңдағы "мәдени геноцид"

Антрополог, Орталық Азия бойынша сарапшы Шон Робертс 30 жылдан бері ұйғырларды зерттеумен айналысады. Оның "Ұйғырларға қарсы соғыс. Қытайдың Шыңжаң мұсылмандарына қарсы науқаны" деген кітабы қыркүйекте жарық көрді. Азаттық автормен кітаптың мазмұны, Қытайдағы түркі тілдес этностардың тағдыры туралы сұхбат алды.

"Күніне 300-450 теңге табады". Түркістан облысында балалар оқу кезінде мақта теріп жүр

Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай ауданында мақта теру науқаны басталды. Азаттық тілшісі облыстағы сегіз алқапта оқу уақытында мақта теріп жүрген балаларды көрді. Сарапшылар мұны "бала еңбегін қанау әрі заңға қайшы" деп санайды. Мектеп басшылығы, облыс әкімдігі мен прокуратура балалардың мақта теріп жүргенін жоққа шығарып, жауапкершілікті ата-анаға ысырады. Мақаланың толық нұсқасын мына жерден таба аласыз.

Назарбаев көптік етпей ме? Нұр-Сұлтанда экс-президентке тағы бір музей ашылды

Қазақстан билігі астанада елдің тұңғыш президенті, отставкаға кеткен соң қауіпсіздік қызметі мен билеуші партияның төрағасы қызметінде қалған Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір музей ашты. Аумағы 40 мың шаршы метр музей ел ішінде Назарбаев орталығы деп аталатын экс-президент атындағы кітапхананың жанынан бой көтерген. Азаттық Назарбаевтың есімі берілген Нұр-Сұлтан қаласына оның аты берілген тағы бір ғимараттың неге керек болғанын анықтап көрді. Мақаланы оқу үшін сілтемеге басыңыз.

"Есіл еңбек зая кетіп жатыр". Түркістандық диқандар мақта бағасының төмендігіне наразы

Түркістан облысында Мақтаарал, Жетісай аудандарында мақташылар "субсидия аз, мақта бағасы төмен" деп шағымданады. Үкімет бірінші және екінші сортты мақтаның келісін 130 теңге деп белгіледі. Диқандар мұндай баға мақтаға кеткен шығынды жабуға ғана жетеді деп санайды. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Мақта егушілердің мұңы жайлы мына жерден оқи аласыз.

"Әбден ығыр қылды". Жарығы жиі өшетін ауыл халқының жанайқайы

Электр энергиясын берудегі ақаулар, жиі жанып кете беретін тұрмыстық техника мен қараңғыда сабақ оқу қазіргі кезде Қазақстан ауылдарында әдеттегі жағдайға айналған. Билік жарық мәселесін электр желісінің ескіруімен байланыстырады, ал сарапшы кінәні әлсіз мемлекеттен іздейді. Мақаланы толық нұсқасы.

Беларусь технологиясы. Қазақстанда сайлауды бақылайтын ІТ жобаларды әзірлеп жатыр

Қазақстандық белсенділер келесі жылы өтуі тиіс парламент сайлауында дауыс беру және оларды санау барысын бақылауда технологияны қолданып, доданың барынша әділ өтуіне ықпал етуге тырысып жатыр. "Азаматтық қоғам жұмыла кіріссе, бұл жобалар сайлаудың таза өтуіне көп әсер етеді" дейді сарапшылар. Мақаламен мына жерден таныса аласыз.