Назарбаевтың АҚШ жайлы фэйк сөзі, "қайта келген" Дариға, ЖСДП бойкоты және желге ұшқан 63 млн теңге

Азаттық сіз оқитын жалғыз басылым емес екенін және жарияланған журналистік жұмыстардың бәрін қамту мүмкін бола бермейтінін білеміз. Тілшілеріміз осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

"Нұр Отан" съезінде Назарбаев АҚШ-тағы сайлауды сөгіп, өзін мақтады

25 қарашада Нұр-Сұлтанда съезін өткізген биліктегі "Нұр Отан" партиясы парламент сайлауына ұсынатын 126 кандидатты атады. Олардың арасында экс-президенттің қызы, биыл мамырда сенат спикері қызметінен алынған Дариға Назарбаева да бар. Мақаланың толық нұсқасын мына жерден табасыз.

ЖСДП сайлауға бойкот жариялады. Әблязов мұны "биліктің бұйрығы" дейді

Өзін Қазақстандағы жалғыз "оппозициялық партия" деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауына бойкот жариялады. Жақында ғана жұртты осы партияға дауыс беруге үндеген оппозиционер Мұхтар Әблязов бұл шешімді "зәресі ұшқан биліктің бұйрығы" деп атады. Мақаланы оқимын десеңіз, сілтемені басыңыз.

Серік Бейсембаев: Ақпарат неғұрлым көп болса, дауысты ұрлау қиындай түседі

Демократиялық елдерде дауыс берген сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, сайлау қорытындысын алдын ала болжау тәжірибесі бар. Экзитпол деп аталатын бұл сауалнама Қазақстанда да жүргізіледі. Бірақ ол шетелдегіден өзгеше. Азаттық PaperLab зерттеу тобының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтан осы ерекшеліктер жайлы сұрады. Сұхбаттың толық нұсқа мына жерде.

Kazakhstan – A sociologist Serik Beisembayev (on the right). The photo from personal archive.

Зорлық құрсауын бұзғандар. Жаңа өмір бастаған әйелдердің хикаясы

Алтынайды – 15 жыл, Әселді – 10 жыл, ал тепкіден құрсағындағы сәбиінен айрылған Әйгерімді тоғыз жыл бойы күйеуі ұрып-соққан. Индира жеті жылға жуық бірге тұрған серігінің әңгіртаяғынан көз ашпаған. 25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні Азаттық оқырман назарына төрт әйелдің хикаясын ұсынады. Әрқайсысының тағдыры әрқилы төртеуінің де өзін жәбірлеген адамнан кетуге батылы жеткен. Сілтемені бассаңыз, төрт мақаланы да табасыз.

"Лагерьде болған" үш қазақ ұрпақ сүйе алмай жүр. Олар мұны Шыңжаңдағы қысымнан көреді

2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде лагерьде болдық деген үш ер адам қамаудан шыққаннан кейін бала сүйе алмай жүргенін айтады. Олар денсаулықтағы бұл кінәратты лагерьмен байланыстырады. Мақалаға өтіңіз.

Назарбаевтың туған күнінде. Алматы әкімдігі "өтпеген іс-шара үшін" 63 млн теңге жұмсаған

Алматының мәдениет басқармасы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келетін Астана күніне арнап 63 миллион теңгеге 3D шоуға тапсырыс берген. Мемлекеттік сатып алу сайтында ақшаның төленгені жөнінде ақпарат бар. Бірақ шоудың өткені туралы ешбір БАҚ-та жарияланбаған.

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы әкімдігі "өтпеген іс-шара үшін" 63 миллион теңге жұмсаған

Шымкентте биліктен көмек сұрап жүрген әйел өзін өртемек болды

26 қараша кешкісін Шымкентте жергілікті биліктен көмек талап етіп жүрген әйелдердің бірі Индира Үсетаева қала әкімдігінің алдында үстіне бензин құйып, өзін өртемек болды. Полиция әйелдің өзін өртеуіне жол бермей, құтқарып қалды. Үсетаевамен бірге келген алты әйел әкім Мұрат Әйтеновтің шығуын талап етті. 25 қараша күні Шымкент әкімдігі ішкі саясат басқармасы Facebook желісінде әкімдіктен көмек сұрап жүрген жеті әйелдің мемлекеттен ақшалай жәрдем алғанын жазған. Басқарма Үсетаева жыл басынан бері бір миллион теңгеден астам, Сарқұлова 3 миллион теңгеден астам ақшалай көмек алған деп мәлімдеді. Бүгін, 26 қараша кешкісін әкімдік алдына келген жеті әйел бұл тізімдегі деректердің "кейбірі жалған" деп санайды.

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте биліктен көмек сұрап жүрген әйел өзін өртемек болды