Жаңаөзен жайлы 7 хикая, 1986 жаңғырығы, елден көшкен жастар және Ресей "сыйлығы"

Азаттық сіз оқитын жалғыз басылым емес екенін және жарияланған журналистік жұмыстардың бәрін қамту мүмкін бола бермейтінін білеміз. Тілшілеріміз осы аптада да қоғамдағы маңызды оқиғаларды елеусіз қалдырмай, мақала мен видеорепортаждар әзірледі, тамыры терең жайылған әлеуметтік мәселелерді қозғады. Демалыс күні сайтымыздағы аптаның үздік жеті хикаясын назарларыңызға тағы бір мәрте ұсынамыз.

Жаңаөзен жөніндегі 7 материал

Жаңаөзен: жазылмаған жара

2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бірнеше айға жалғасқан мұнайшылар ереуілін полиция оқ атып таратты. Тәуелсіздік күні талай адам ажал құшып, жарақат алды. Кейін ереуілшілерге түрлі айып тағылып, көп адам сотталды. Азаттық Жаңаөзен ақиқатына тағы бір үңіліп көрді. Жиырма минуттық деректі фильмімізді көре отырыңыз.

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзен: жазылмаған жара

Жаңаөзен мен Желтоқсанды еске алуға шыққандар полиция қоршауында қалды

16 желтоқсан күні Алматының орталық алаңына Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғалары құрбандарын еске алуға және алдағы парламент сайлауына наразылық білдіруге шыққан белсенділер тосқауылға тап болды. Полиция күші Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысы мен Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топ мүшелерін екі жерде қоршауға алып, үш сағатқа жуық тырп еткізбей қойды. Кейінгі күндері Қазақстанның бірнеше аймағында билікке наразылығын ашық білдіріп жүрген белсенділерді полиция түрлі себеппен қамауға алған еді. Мақалаға өтіңіз, ішіндегі суреттері көп.

Мақала оқуға уақытыңыз тапшы болса, видеосын көруге болады.

Your browser doesn’t support HTML5

Алаңға шыққан белсенділерді полиция қоршауға алды

"Жаңаөзен қырғынын сырттан ұйымдастырған. Бірақ бәрі билік айтқандай емес"

Жаңаөзен оқиғасынан кейін түрмеге қамалып, саяси тұтқын деп танылған Владимир Козлов "қазіргі саяси режимнің тұсында Жаңаөзен оқиғасын объективті зерттеу мүмкін емес, өйткені қылмыстың бір ұшы жоғарыдағыларға тіреледі" дейді. Азаттық қазір шетелде тұратын Козловтан сұхбат алды.

Владимир Козлов:

"Бұл оқиғаның астарын түсіну үшін бірнеше ай бойы Жаңаөзендегі бейбіт қарсылық туралы ақпарат қайда жіберілгенін еске түсіру керек. Бұл ақпарат ол кезде [Аслан] Мусин басқаратын президент әкімшілігіне жетіп отырды. Мусин – саяси мақсаттары зор "сұр кардинал" әрі Батыс Қазақстанның "тәжсіз патшасы" болған адам. Ол батыста Маңғыстаудан басқа облыстардың бәрінде басшы қызметте істеп, өз адамдарын қалдырған".

Сұхбаттың толық нұсқасына өтіңіз.

Рысбек Сәрсенбай: "Жаңаөзен оқиғасы үшін билік жауапты"

17 адам көз жұмып, жүзден аса тұрғын зардап шеккен 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаны ашық тергеу, тексеруді бақылау үшін құрылған қоғамдық комиссия құрамында журналист, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай да болған. Ол Жаңаөзенде билік халыққа оқ атып, қылмыс істеді дейді. 3,5 минуттық видео-сұхбатты көре отырыңыз.

Жаңаөзенде полиция оғынан жараланғандар қамауда отыр

Жаңаөзен оқиғасы кезінде жараланып, тергеуде азапталғанын айтқан белсенділер "тоғыз жыл өтсе де, полицияның қудалауы тоқтамады" дейді. 16 желтоқсан қарсаңында бірнеше белсенді "заңсыз митингіге үндеді" деп айыпталып, жеті күнге қамалған. Екі минуттық видеоны мына жерден таба аласыз.

Тәуелсіздік күні Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алды

16 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздігі күні елдің әр өңірінде тұрғындар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясын еске алды. Бірнеше қалада белсенділер құрбандарға құран бағыштады. Жиынға бармақ болған кейбір адамды құзырлы орган қызметкерлері үйінен шыға бере ұстап әкетті.

Your browser doesn’t support HTML5

Тәуелсіздік күні Желтоқсан мен Жаңаөзен құрбандарын еске алды

Макс Боқаев: Түрмеден шыққан күні алаңға барамын

Азаттық тілшісі Атыраудағы УГ 157/9 мекемесінде қамауда отырған белсенді Макс Боқаевпен кездесіп, сұхбат алды. 2016 жылғы сәуірде жер мәселесі бойынша наразылық шеруіне қатысқан соң қамалып, бес жылға сотталған 47 жастағы белсенді қазір жазасын өтеп жатыр.

Макс Боқаев:

"Билік әрине, басқару тізгінін қолынан жібергісі келмейді. Сондықтан қоғамдағы кез келген ояну мен басқосуларға барынша қарсылық көрсетеді және онысын тоқтатпайды да. Мәселен, президент ауысты, жаңа президент "сайланды" деп әлемге жар салды.

Бірақ Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кім? Оның 2000 жылдың басында "жас түріктерге" қарсы шығып, сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "не олар, не мен" дегені есіңізде ме? Міне, бұл Тоқаев кім дегеннің жауабы.

Қазақстандағы барлық жағдайдан хабардармын. Жаңалықтарды үзбей теледидардан көріп, радиодан тыңдаймын, "ДАТ" газетінен оқимын. Беларусь халқының бірлесіп наразылық білдіруіне не себеп болды? Оның жер көлемі бір Ақтөбенің жеріндей-ақ. Ал Қазақстанның алып территориясына қоса әлі арылмаған менталитеті бар"

Сұхбаттың толық нұсқасына өтіңіз.

“Назарбаев тұрғанда ақиқат ашылмайды”. Докторлық зерттеуін Желтоқсан оқиғасына арнаған АҚШ ғалымы

Совет одағы кезінде Батыс басылымдары меншікті тілшілерінің көбі Мәскеуде отырды. Ал өңірден келетін жаңалықтар Коммунистік партияның сүзгісінен өтті. Осы себепті Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы әлем назарынан тыс қалды. Арада 14 жыл өткенде бір америкалық осы оқиғаны өзінің докторлық зерттеуі етіп алды. Пенсильвания мемлекеттік университетінің доценті Майкл Стефани Азаттыққа берген сұхбатында тақырыпты не үшін таңдағанын, Қазақстанға сапарында қандай кедергілерге тап болғанын, оқиға туралы не ойлайтынын әңгімеледі.

Майкл Стефани:

"Елестетіңізші, егер Америка Құрама Штаттарының елбасы саналатын, тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы президенті болған Джордж Вашингтон "Бостондағы шай ішу" акциясы кезінде британиялықтардың жағында болып, шайды суға төккендерді жазалап, артынан ел тәуелсіздік алғанда "Бостондағы шай ішу оқиғасы – патриотизмнің белгісі" деген сияқты сөз айтып, бірақ сол акцияны зерттеуге тыйым салса, себебі зерттеу Джордж Вашингтонның және оның отбасының беделін жермен жексен ететін болса, қалай болар еді?

Назарбаев пен Желтоқсан оқиғасының арақатынасы да сондай. Назарбаевтың отбасы мен серіктері Қазақстан билігінен кетпей, Желтоқсан оқиғасының ақиқаты ашылмайды".

Сұхбаттың толық нұсқасына өтіңіз.

Тоқаевтың "еститін үкіметі" халықты естіді ме?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті қызметіне кіріскелі бір жарым жылға жуықтады. 2019 жылғы сайлау кезеңіндегі наразылықтан соң Ұлттық сенім кеңесін құрған ол халық үніне құлақ асатын "еститін мемлекет" қалыптастыратынын айтқан. Бірінші жолдауында ол "азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігіне" мән беруге, ал биылғы жолдауында "әділетті мемлекет" орнатуға уәде еткен.

Тоқаев "еститін мемлекет" қалыптастыра алды ма? Азаттық президенттің уәделеріне саралап, оның қазіргі нәтижесін бақылап көрді. Толық нұсқа мына жерде.

"Демарш және Еуразияшыл билікке ескерту". Ресей депутаттарының мәлімдемесін сарапшылар әркелкі бағалайды

Ресей мемлекеттік думасының екі мүшесі Қазақстанға қазіргі жерін Ресей сыйлаған деген мәлімдеме жасады. Бұған Қазақстанда реакция білдіргендер мұндай сөз тегін айтылған жоқ, артында үлкен күштер тұр деп санайды. Мақала мына жерде.

Биіктен құлап қайтыс болған әйел зорлық-зомбылық құрбаны ма?

Нұр-Сұлтан тұрғыны, жиырма тоғыз жастағы әйелдің өлімінен кейін қазақстандықтар отбасындағы зорлық-зомбылықпен күресті күшейтуді биліктен талап етіп жатыр. Биіктен құлап қаза болған келіншек бұған дейін әлеуметтік желіге жазып, полицияға барып, "күйеуім ұрып-соғады" деп шағымданған.

Your browser doesn’t support HTML5

Әйел неге биіктен құлап мерт болды?

Қазақстаннан неге кеттім?

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында бір сөзінде қазақстандықтардың шетелге көшіп жатқанын естігенде "уайымдайтынын" айтты. Ал шетелге кеткендердің арасында өкінетіндер бар ма? Қазақстанда туып, өзге елге кеткендер қандай жетістікке жетті? Неден ұтты, неден ұтылды? Қазақстанға қайта оралғысы келе ме? Азаттық шетелге кеткен бірнеше кейіпкермен сөйлесіп, қазіргі өмірі жайлы сұрады. Жауаптарын оқығыңыз келсе, сілтемені басыңыз.