"Қансонарда" бүркітші шығады аңға...

Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде "Қансонар" бүркітшілер сайысы өтеді. Құс салу дәстүрі қазақ даласында үш мың жыл бұрын пайда болғаны жайлы деректер бар. 

Бүркіттерді түлкі, қарсақ, қоян кейде қасқырға да салады. 

Ал қаз бен дуадақтарға қаршыға салады. 

Ұсақ құстарға сұңқар мықты.

Құсбегілер бар білетінін ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады.

Совет одағында құс салуға тыйым болып, бұл өнер жоғалудың аз-ақ алдында қалған. 

Қазір Қазақстанда бүркітшілер сайысы жиі өтеді.

Құс салу жарысы Қазақстанда отыз жылдан бері өтіп келеді.

Қазақ халқы бүркітшілер мен құсбегілерге құрметпен қараған.

Бүркіт кезекті жорығына кетіп барады.

Дамылдан отырған бүркітшілер.