Мақтаарал жұртын әуреге салған топан су
Your browser doesn’t support HTML5
Өзбекстанда жарылған Сардоба су қоймасынан келген су Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес ауыл мен жеті мыңнан аса гектар егіс алқабын басып қалды. Мыңға жуық баспана қирап, отыз мыңнан аса тұрғын үй-жайын тастап кетті. Өлген малда есеп жоқ. Халық “апаттың алдын алуға үкімет дәрменсіз болды және ертерек ескертпеді” деп билікті айыптайды әрі жаңа үй салып беруді талап етеді.