ДДСҰ НЕ ДЕЙДІ?
"Кез келген екпенің EUL/PQ арқылы (ДДСҰ-ның екпелерді төтенше жағдайда қолдану үшін тексеретін базасы – ред.) бағалаудан өткені маңызды, ал QazCovid-in екпесі ДДСҰ арқылы тексерістен өтіп жатқан жоқ" дейді Дүниежүзілік денсаулық ұйымы Азаттық берген жауабында.
ДДСҰ әлемдегі вакцина жасаушылардың барлығын екпенің пайдалы әсері, сапасы және қауіпсіздігін бағалау үшін оны деректерін EUL/PQ (Emergency use listing/ Prequalification) арқылы бөлісуге үндеді.
"Екпе жасаушылардан ДДСҰ-мен бірге жұмыс істеп, вакцинаны тексеруден өткізіп, қорытынды шығару үшін деректерін жолдауын сұраймыз. Кейбір елде жасалып жатқан бірнеше екпе EUL/PQ базасы я Stringent Regulatory Authority (SRA – ДДСҰ құрған қауіпті ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек, екпелерге нұсқаулық беретін орган – ред.) арқылы тексеріліп жатқан жоқ. Жаппай қолданып жатқан екпелер халықаралық талаптарға сай келеді деп үміттенеміз" дейді ұйым.
ДДСҰ "кейбір елдерде екпелер мемлекет деңгейде қолдана бастаған тұста EUL/PQ мен SRA-ға тексеруге жіберетін қажетті барлық дерек дайын болмауы мүмкін" деп ескертеді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКПЕ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Қазақстандық QazCovid-in екпесін жасаушылардың бірі Лесбек Құтымбетов Азаттыққа берген сұхбатында екпені тексеру нәтижелері туралы мақала жазып, халықаралық журналдарға жолдауға "уақыт болмай жатқанын", мақаланы "алдағы уақытта жариялайтынын" айтқан.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ QazCovid-in сынақ аяқталмай жатып неге жаппай егілмек?Сарапшылардың көбі Қазақстанның QazCovid-in екпесінің үшінші сынақ кезеңі аяқталмай жатып халыққа жаппай сала бастағанына алаңдаушылық білдірген. Бұл екпенің алғашқы екі сынақ кезеңіне де аз адам қатысты. Екпе жасаушылардың сөзінше, сынақтың бірінші кезеңіне – 22, екінші кезеңіне 200 адам қатысқан. Ал үшінші кезеңде екпе үш мың еріктіге салынған. Әзірге үшінші сынақ кезеңінің нәтижесі белгісіз.
Қазақстан үкіметі сынақтың екінші кезеңінен кейін бұл екпенің 96 пайыз пайдалы әсері бар деп хабарлаған.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Отандық вакцина егуге жарай ма? Екпелер жаңа штамдардан қорғай ма?Қазақстан ғалымдарының сөзінше, QazCovid-in өлі вирустан жасалған. Қазақстан да өз екпесін егу бойынша Ресейдің ізімен жүрді. Мәскеу де Спутник V екпесін былтыр тамызда, сынақтың үшінші кезеңі аяқталмай жатып халыққа жаппай еге бастаған.
Батыс ғалымдары мен дәрігерлері былтыр тамызда салына бастағанда Спутник V екпесінің пайдасы мен қауіпсіздігіне көп күмән келтірген. Биыл ақпанның басында халықаралық Lancet медицина журналы Спутник V зерттеуін жариялап, екпенің 91 пайыз пайдалы әсері бар деп хабарлаған.
Қазір Қазақстан да халыққа Спутник V мен QazCovid-in вакцинасын салып жатыр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Спутник V": Ресейдің қайшылыққа толы Covid вакцинасы жайлы не белгілі?ҚАЗАҚСТАНДА ЕКПЕ НАУҚАНЫ ҚАЛАЙ ЖҮРІП ЖАТЫР?
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 29 сәуірге дейін Қазақстанда 1 092 757 адам екпенің бірінші дозасын, 225 095 адам екінші дозасын алған. Жұрттың көбі Спутник V екпесін қабылдаған. Ал 26-29 сәуір аралығында елде 9 мыңдай адам өзіне QazCovid-in вакцинасын салдырған.
Бұған дейін Қазақстан "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін Қытай екпесінің бір миллион дозасын сатып алғаны хабарлаған.
Your browser doesn’t support HTML5
"СК-Фармацияның" мәліметі бойынша, "Самұрық-Қазына" алған екпе Hayat-Vax деп аталады және ол Біріккен араб әмірлігіндегі Gulf Pharmaceutical Industries Julphar компаниясында шығарылған. Препаратты Пекиндегі Sinopharm компаниясының биология өнімдері институты жасаған. Қазақстан осы екпені алуға 31,1 миллион доллар жұмсаған.
ДДСҰ ҚАНДАЙ ЕКПЕЛЕРДІ ТЕКСЕРІП ЖАТЫР?
Бұл ұйымның EUL/PQ базасы Pfizer-BioNTech (АҚШ/Германия) және Оксфорд университетінің Astra-Zeneca екпесін төтенше жағдайда қолдануға болады деп мақұлдаған. Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі де осы екі вакцинаны қолдануға рұқсат берген.
Қазір ДДСҰ тексеруіне түскен вакциналар:
- Қытайдың CanSino, Sinopharm, Sinovac Biotech, Zhifei Longcom, IMBCAMS және Clover Biopharmaceuticals компанияларының екпелері;
- Ресейдің Спутник V және EpiVacCorona екпесі;
- АҚШ-тың Moderna компаниясының вакцинасы (Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдаған);
- Бельгиядағы Janssen компаниясының екпесі (Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдаған);
- АҚШ-тың Novavax вакцинасы;
- Үндістанның Bharat Biotech компаниясының екпесі;
- Германияның Curevac (Bayer AG) екпесі:
- Кубаның BioCubaFarma вакцинасы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
"Өте баяу. Бұл қарқынмен екпе салуға көп жыл керек". Қазақстандағы вакцина науқаны сынға ұшырады"Жақсы ғылым, нашар маркетинг". Ресейліктер "Спутник V" вакцинасына неге сенбейді?Вакцина мен бедел соғысы. Пекиннің позициясына сенуге бола ма?