Әкімнің айтқанына бас изеп, кейін тілшілерге шабуылдаған әйел
Your browser doesn’t support HTML5
22 шілдеде Азаттық тілшілеріне шабуылдаған әйелдердің бірі 15 шілдеде Алматы қаласы Алатау аудандық әкімдігіндегі аналар наразылығында да жүрді. Әкімдікке келген аналар екі айдан бері атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргендерін айтқан. Сол кезде бұл әйел аудан әкімі Шахмерден Рыспаевтың әр сөзін қолдап, бас изеп тұрған. Ол әйелдерге әкімнің айтқанын тыңдауға шақырған. Араға апта салып, дәл осы әйел Азаттық тілшілеріне күш көрсетті.