Жарылыс болған әскери бөлім маңындағы жолдар жабылған
Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, бейсенбі күні әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 80-нен астам адам Тараздағы клиникалық ауруханаға жеткізілген. "Екі адамның халі ауыр, қайтыс болғандар жоқ" деп хабарлады билік жарылыс болған күні. Бірақ кейін жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, кемінде екі адамның хабарсыз кеткені мәлім болды.
Суретте: Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанар-жағармай бекетінде жүрген күшік. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек бейсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Тараз қаласына, Байзақ ауданы орталығына төніп тұрған қауіп жоқ деп мәлімдеді.
Суретте: Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолды жауып тұрған полиция қызметкері.
Қазақстан қорғаныс министрлігі әуелде әсери бөлім қоймасында жарылғыш заттар болғанымен, олар алысқа ұшпайды деп мәлімдеген. Бірақ кейінірек министрлік ол жерде бұған дейін, 2019 жылы дәл осындай жарылыс болған Арыстағы әскери қоймадан көшірілген оқ-дәрі сақталғанын растады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, оқиға орнынан 1 километрге жетпейтін жердегі 250 тұрғыны бар Қайнар ауылы адамдары эвакуацияланған. "Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр" делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Жарылыс болған әскери бөлім Алматы-Тараз тасжолынан бір километрдей жерде орналасқан.
Жарылыс болған әскери бөлімге баратын жолдардың бәрі, соның ішінде теміржол уақытша жабылды. Қоғамдық тәртіпті қорғау және тонаудың алдын алу мақсатында эвакуацияланған елді мекендерді полиция патрулі бақылауға алды.
Сурете: Жарылыс болған әскери бөлімге жақын жолдың бойында тұрған көліктер.
Жарылыс болған аймақтан хабар дайындауға барған журналистер. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанармай бекетінің ғимараты.
Әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан бүлінген жанармай бекеті.
Әскери бөлімдегі жарылыстан соң тасжол уақытша жабылды.
Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын тасжолды жауып тұрған полиция көлігі.
Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолды жауып тұрған полиция көліктері.
Жарылыс болған әскери бөлімге апаратын жолдың бойында тұрған автокөліктер. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 27 тамыз 2021 жыл.
Тараз-Алматы күре жолында тұрған әскери полиция.
Тараздағы №1 "Көпбейінді қалалық аурухана" өкілдері жұма күні Азаттық тілшісіне жарылыстан кейін жеткізілген 93 адамның 35-і осы медицина мекемесінде жатқанын айтты.
Әскери қоймада болған жарылыс салдарынан жараланған туыстарының халін білуге келген адамдар аурухананың алдында тұр. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
Жарылыстан жараланған туыстарының хал-жағдайын білуге келген адамдар №1 қалалық аурухананың алдында тұр.
Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыстан мерт болған азаматтарды Тараздағы облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітханадан алып кетуге келген туыстары.
Әскери қойма жарылғанда мерт болған азаматтар жеткізілген облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітхана аумағын қоршап тұрған Ұлттық ұлан сарбаздары. Тараз, 27 тамыз 2021 жыл.
Ұлттық ұлан сарбаздары облыстық психикалық аурухана аумағындағы мәйітхана аумағын қоршап тұр.