Жаңаөзен қырғыны күйреткен шаңырақ

Your browser doesn’t support HTML5

Жаңаөзен тұрғыны 33 жастағы Ғалымжан Кенжебаев биыл маусымда жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Полиция "ішімдік ішіп, жүрегі тоқтап қалған" деген ақпарат таратты. Кенжебаевтың қарындасы мен жергілікті белсенді ресми нұсқаға күмәнмен қарайды. Ғалымжанның әкесі Базарбай Кенжебаев Жаңөзен оқиғасында полиция азаптауынан қайтыс болған еді. 2011 жылы Жаңаөзенде 7 айға созылған мұнайшылар ереуілі қантөгіспен аяқталған. Ресми дерек бойынша, қақтығыстан 16 адам қаза тапқан.