Алматының қазылған көшелері

Төле би көшесінің бойы су құбырын жөндеу үшін қазылған. Тарылған жолмен көліктің жүруі қиын. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл. 

Алтынсарин даңғылын Шаляпин көшесі қиылысынан Абай даңғылына дейінгі аралықты су құбырларын ауыстыру үшін қазып тастаған. Қала тұрғындары жолдың жабылғанына айдан асқанын айтады. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл.

Жабылған жолдың төңірегінде қамалып тұрған көліктер. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл. 

Науаи және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысқан тұсынан Жандосов көшесіне дейінгі жол су құбырын жөндеу үшін қазылған. Жергілікті тұрғындар "айдан асса да жұмыстың жүрмей жатқанын" айтады. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл.

Асыққан көліктер қоршаудың ішімен Абай даңғылына өтіп жатыр. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл. 

Науаи және Рысқұлбеков көшелерінің қиылысындағы қазылған жер. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл.

Көліктер Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін қарсы бағытпен жүреді. Азаттық тілшісі екі көше арасындағы 1 километр жолды көлікпен жарты сағатта әрең өтті. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл.

Алматы тұрғыны Мәди "Бұл жол жөндеу және су құбырын жүргізу мекемелері арасындағы жұмысты ешкім үйлестірмейтінін көрсетеді. Былтыр толық жөндеуден өткен жолды биыл құбыр тарту үшін қайта қазып тастады" дейді. Алматы, 5 қыркүйек 2013 жыл.