Қазақстанда 1916 жылы тыл жұмысына «бұратана» халықтардан 400 мың адам алу жайлы патша жарлығына қарсы көтеріліс болды. Бұл күнге құжаттармен бірге жазушылар жасаған наразы халықтың "бейнесі" де жетті.
Бірақ кей тарихшылар "көтерілісті методологиялық-теориялық тар шеңберде зерттеу қате болып шықты, оны әлемдік контексте қарау қажет" немесе "көтерілістің діни факторы көп айтылмайды" дейді.
Көтеріліс жайлы СССР кезінде де, тәуелсіз заманда да әдеби туындылар да жазылды. Бірақ "көркем шығарма тарихи шындықты дәл бере алмайды" деген пікірлер де бар.
AzattyqLIVE хабарында жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбай "Көтерілістің тарихи және көркем әдебиеттегі сипаты сәйкес келе ме?", "Көтеріліс жайлы әдеби шығармаларды қалай қабылдаған жөн?" деген сауалдарға жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5