АҚШ Хельсинки комиссиясы мен Мемлекеттік департаменті Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне қатысты Вашингтонда екі күндік талқылаулар өткізді. Астана атына біраз сындар айтылса да, Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық мінберінен көруге үміт білдірілді.
Қыркүйектің 9-да, Вашингтонда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық комиссиясының ( АҚШ Хельсинки комиссиясы) мен Мемлекеттік департамент өткізген екі күндік форумға Қазақстанның ЕҚЫҰ-ғы елшісі Қайрат Әбдірахманов пен Қазақстанның Америкадағы елшісі Ерлан Ыдырысов және басқа да ресми өкілдер қатысты. Бірқатар американдық үкіметтік емес ұйымдардың да өкілдері талқылауларға қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Вашингтондағы форумда Қазақстандағы адам құқығының сақталуы, сөз бостандығы, дін мәселесі қызу пікірталастың өзегіне айналды. Қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтиске қатысты шығарылған сот үкімі туралы да сөз болды. Қыркүйектің басында адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтисті кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған болатын. Бұл үкімді ЕҚЫҰ, АҚШ және «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы сынға алған еді.
Вашингтондағы форумда осы мәселелерді еске салып өткен Хельсинки комиссиясының төрағасы, сенатор Бенджамин Кардин Қазақстанда адам құқықтарының жағдайына байланысты алаңдаушылықтар бар болғанына қарамастан, бұл елмен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін атап көрсетті.
- Өйткені, Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық міндетін алғалы отыр. Ендігі жерде Қазақстан адам құқығын сақтауға қатысты міндеттемелерін орындап, демократиялық бағытты дамыта түсуі керек, - деп атап көрсетті сенатор Кардин.
Сонымен қатар, Хельсинки комиссиясы тең төрағаларының бірі Алки Хэстингс 2010 жылы Қазақстанға деген назардың ерекше болатындығына тоқталды.
- Қызметтегі міндеттерін орындаушы төраға ЕҚЫҰ талаптарын жүзеге асыруда басқаларға үлгі болуы керек. Келесі жылы Хельсинки комиссиясы әлемде адам құқығын бақылайтын белді ұйымның төрағасы ретінде Қазақстан ЕҚЫҰ мүше 56 елде адам құқығының сақталуы қаншалықты жүзеге асып жатқанын мұқият бақылауда ұстап отыратындығын үнемі назарға алып отырады, - деді Хельсинки комиссиясының тең төрағасы конгрессмен Алки Хэстингс.
Қазақстандық сарапшылар Вашингтонда форум жүріп жатқан уақытта Washington Times газетінде президент Н. Назарбаевтың мақаласы жарық көргендігіне назар аударып отыр. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, мемлекет басшысының әлемдік қауымдастықты ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстанды таңдап алуы дұрыс болған деп сендіруге тырысып жатқан әрекеттерінің көрінісі.
- Президент өзінің мақаласында Қазақстанның саяси дамуындағы «жетістіктеріне» аса мән берген. Оның өзі белгілі бір деңгейде күмән туғызады. Менің ойымша, елдің төрағалығы үшін дауыс берген мемлекеттердің соңғы жылдарды саралай келе Қазақстан өз міндеттерін орындамағандығына көзі жеткен болуы керек. Енді олар төрағалық ететін уақыт жақындап қалғандығын көріп, бір жылдай шыдай тұруға бел шешкен сыңайлы, - деді Досым Сәтпаев.
«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім Қазақстанның бұл ұйымға төрағалық етуіне жол берілуінің өзін саясатпен байланыстырады.
- Соңғы уақыттары Қазақстан билігінің адам құқығына байланысты жасаған көптеген қателіктері халықаралық демократиялық қауымның алдында беделімізді біраз түсіріп тастағаны анық. Соның ішінде Евгений Жовтиске шығарылған үкім Қазақстанның сот жүйесіне таңба болды. ЕҚЫҰ саяси ұйымға айналып бара жатыр. Әрине, ол бізбен әрі қарай жұмыс істей береді, - деді ол.
Қазақстан ЕҚЫҰ 2009 жылы 1 қаңтардан бастап төрағалық ете бастайды. Бұл шешім осыдан екі жыл бұрын ұйымға мүше елдердің Мадридтегі саммитінде қабылданған болатын.