Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының үгіт-насихаты басқалардан басым сипатқа ие дейді оппозициялық партияның жергілікті белсенділері. Аумақтық сайлау комиссиясы одан бейхабар екендігін айтса, президенттік партия өкілдері «заңды бұзбағанын» алға тартады.
Биылғы кезектен тыс парламент мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде Ақтөбе қаласында саяси партиялар мен үміткерлердің жарнамасы үшін арнайы 30 шақты орын бөлінген. Ал, одан өзге жерлерге үгіт-насихат құралдарын жапсырмас бұрын нысан қожайынының рұқсаты қажет.
«АЙНАЛА ТОЛЫ «НҰР ОТАН»
Бірақ Ақтөбеде қазір «Нұр Отан» партиясына басымдық берілген» деген «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақтөбе филиалының төрағасы Мирамбек Камалов сөзіне дәлел келтіреді.
– Қазір қай көшемен жүріп көрсеңіз де әр 5-10 метр сайын «Нұр Отанның» қағаздарын
Бұл сөзге көз жеткізу үшін қаңтардың 12-і күні Азаттықтың тілшісі Әбілқайыр хан даңғылымен жүріп өткен еді. Ұзындығы 3,5 шақырымнан асатын осы даңғыл бойындағы №8 үйдің жанында сайлау парақшаларын ілуге арнайы орын бар. Ал одан басқа жерлерге – аялдама, дүкен, ғимараттар қабырғасы, бағана, т.с.с. – ілу үшін арнайы рұқсат керек.
Әйткенмен, даңғыл бойында орналасқан үлкенді-кішілі сауда орындары мен бағандарда «Нұр Отан» партиясынан сайлауға түсіп жатқан кандидаттардың жарнамалары жиі көзге шалынды. «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы баспасөз қызметінің жетекшісі Дина Төреғұлова «барлығы заңға сәйкес» деп отыр.
– Үгіт-насихат парақшаларының барлығы алдын ала жасалған келісім-шарт негізінде ілінген. Облыстық филиалдың бірнеше заңгері бар. Жарнама мәселесі солардың жіті
Осы мәселе бойынша Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаеваға сауал қойған едік. Ол кісі бұдан хабарсыз болып шықты.
– Енді оны білмеймін. Давайте сұрайық оны... Ондай нәрсе болатын болса, ана кімдерден сұрайық біздер. Олардың қандай нелері бар, келісімдері бар ма? Шынымды айтсам, мен білмеймін, – деп жауап берді аумақтық сайлау комиссиясының жетекшісі.
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР МЕН КАНДИДАТТАР
Соңғы кездері Ақтөбедегі жолаушылар тасымалымен айналысатын «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустарының салонында жұртшылыққа есімі танымал тұлғалардың (жалпы саны - 21 адам) суреттері мен қанатты сөздері жазылып ілініп қойылды.
Жолаушылар көлігінің салонында Жүсіп Баласағұн, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Расул Ғамзатов, Қадыр Мырзалиев, Шерхан Мұртаза сынды адамдардың суреттерімен бірге
«Автопарктің» қожайыны «Емшан компаниясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Мейіржан Өндіргенов қаңтардың 15-і күні сайлауға түсетін бұл кандидаттар өздерін жарнамалау үшін бірлестіктен алған рұқсаты бар дейді. Ол автобустарға жарнама ілуге ықылас білдірген саяси партиялар мен үміткерлерді бөліп-жармайтынын айтады.
– Маған қай партия болса да бәрібір. Мейлі, Коммунистік партия келсін, мейлі ЖСДП, әйтпесе «Ақ жол» келсін – қоғамдық көлік дайын. Тіпті қажет деп тапса, жарнамаларын автобустардың сыртына дейін іліп тастасын. Тек ақшасын төлесе болғаны, - дейді бірлестік президенті.
Компания басшысы Мейіржан Өндіргеновтің өзі де «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
–- Автобус салонына жарнама ілу – тегін. Ал автобустың сыртына жапсырылатын жарнама бәріне, тіпті «Нұр Отан» партиясына да, ақылы, – дейді ол.
«БҰЛ – КЕЗЕКТІ АРАНДАТУ»
Бұған дейін Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Ақтөбе филиалының үстінен прокуратураға шағым түсірді. Оған облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер ақтөбелік азаматтың шағымы негіз болған.
– Үміткер Мәжит Бекмеев ЖСДП Ақтөбе филиалының жарнама парақшасы өз суретін жауып тастағанына қатты ашуланды. Осыдан кейін біз прокуратураға шағымдануға мәжбүр болдық, – деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жетекшісі Гүлнәр Күнбаева.
«Азат» ЖСДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов оны оппозициялық партияға қарсы әдейі жасалып отырған шара деп түсіндіреді.
– Мұны билік тарапынан жасалып жатқан кезекті арандатушылық, болмаса бізге сес көрсету деп бағалаймын, – деді ол.
Қаңтардың 12-і күні Қазақстанның орталық телеарналары «Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе филиалына қатысты тағы бір ақпарат таратты. Телеарналардың хабарлауынша, Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы «Достық» үйінің жанында аталғаныш партияның 8 мүшесі баспасөз мәслихатын өткізген. Олар «ЖСДП басшылары жергілікті жердегі мүшелерінің жағдайын елеп-ескермейді, ауылдарда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбеді, ақтөбелік оппозиционер Айдос Садықовқа араша бола алмады» деп кінәлап, партия қатарынан шығатындарын мәлімдеген.
Баспасөз мәслихатын өткізуші топтың белсендісі Геннадий Липперт Азаттық тілшісіне телефон арқылы берген сұқбатында, осы кезге дейін Мәртөк ауданы бойынша «Азат» ЖСДП-ға 400 адам мүше болып келгенін, енді солардың тең жартысы, яғни 200 адам партия мүшелігінен бір кісідей бас тартып отырғанын айтты.
«Азат» ЖСДП-ның Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Мирамбек Камалов бұны да
– 200 адам емес, Мәртөкте 8 адам ЖСДП қатарынан осыдан екі жыл бұрын шығып кеткен. Енді солар тағы да әдейі шу көтеріп, партиядан «шығып жатқаны» туралы айтып жатыр. Қазір бәр жерде билік ЖСДП-ға қарсы осындай шаралар өткізіп жатыр ғой, Алматы облысында, Шығыс Қазақстанда, Астанада осы әдісті қолданды, – деді Мирамбек Камалов.
Қаңтардың 13-і күні Алматыда сайлаушылармен кездесуде Жалпыұлттық социал-демократиялыққ парияның төрағасы Жармахан Тұяқбай «егер кезектен тыс парламент сайлауы әділ өтпей, халықтың дауысын ұрлайтын болса, біз алаңға шығамыз» деп мәлімдеді.
Қазақстанда алдағы жексенбі, қаңтардың 15-і күні кезектен тыс парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы өтпекші.