«Назарбаевқа адалдық» антының тамыры

Президент Нұрсұлтан Назарбаев астықты алқапта. 1992 жыл.

20 жыл бойы елді басқарып отырған Назарбаев жоғары дәрежелі шенеуніктерден, ірі бизнесмендерден, тіпті туыстарынан «Адалдық антын», яғни сенімді ақтайтыны туралы қолхат жазуды талап етеді. Мұндай ант беру және оны бұзу дәстүрі Қонаевтың кезінде де бар еді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ АНТЫНЫҢ ОРНЫНА БАСШЫҒА СЕРТ БЕРУ

«Назарбаевтың айналасы – оның бет-бейнесі. Ол өзіне сыбайластарды өзі таңдайды және оларды електен өткізіп, өзіне шын берілген және көнбіс етеді. Кәсіпқойлық, ар-намыс деген ол үшін бос сөз ғана». Бұл Мұхтар Әблязов жазды делінетін, 2003 жылы «Евразия» интернет-сайтында жарияланған естеліктен алынған сөздер.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы кадрларды іріктеу барысында дәл осы принципті ұстанатындығын әр жылдары министрден премьер-министрге дейін, облыс әкімдігінен Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығына дейін лауазымды қызметтер атқарған кейбір бұрынғы шенеуніктер бірауыздан растады.

Оның үстіне, Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев біраз уақыттан бері президенттің өз қарамағындағылардан ант алу тәртібін енгізгенін мәлімдеген еді. Ендігі жерде барлық министрліктер мен ведомстволардың басшылары және облыс әкімдері «Мемлекеттік қызмет туралы заңда» қарастырылған мемлекеттік қызметкердің антын қабылдаудың орнына Нұрсұлтан Назарбаевқа адалдығы туралы жасырын қолхат беруге міндетті. «Нақ президент Назарбаевтың өзіне» деп атап көрсетті Рахат Әлиев.

«Назарбаевқа ант» дәстүрінің бар екендігін бұрынғы вице-премьер Ораз Жандосов та растайды. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол кейбір мемлекеттік қызметкерлерді қызметке тағайындағанда президент Нұрсұлтан Назарбаев олардан тағы бір жазбаша
Мен білетін, әңгімелескен кейбір адамдар Нұрсұлтан Әбішұлының осындай бір қағазға қол қоюларын өтінгенін айтты. Бұл антты жазып жатқанда олардың қандай көңіл-күйде болғандығын білмеймін, бірақ олар антты жазып берген
ант беруді өтінгенін білетіндігін айтты. Ораз Жандосов аздаған мысқылмен былай деді:

«Иә, бұның барлығы рас. Мен білетін, әңгімелескен кейбір адамдар Нұрсұлтан Әбішұлының осындай бір қағазға қол қоюларын өтінгенін айтты. Бұл антты жазып жатқанда олардың қандай көңіл-күйде болғандығын білмеймін, бірақ олар антты жазып берген».

Ораз Жандосовтың айтуынша, ол кез-келген кәдімгі адам сияқты, қандай да болсын біреудің жеке басына ант беру, оның алдында міндеттемелер қабылдау дегенге қарсы. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы – президенттің өзі де сондай мемлекеттік қызметкер – осындай тұрғыдағы кез-келген қатынастар заңға қайшы болып табылады.

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Назарбаевқа адалдық антын» беруді «қайдағы бір ақымақтық» деп есептейді. Ол бұндай антты ешқашан бермегендігін және бермейтіндігін айтады. «Өйткені, бұның барлығы ресми рәсімнен бөлек өтеді есептеймін. Жеке басқа адалдық анты, тағы басқалар – бұлардың барлығы еш мағынасы жоқ бос сөздер», – деді Ермұхамет Ертісбаев Азаттық радиосына.

Және осы жерде ол былай деп қосып қойды: «Бірақ, керегі сол болса, мен өзімді соңғы 20 жылда президентке барынша адал берілген адамдардың бірімін деп есептеймін. Жалған сыпайылықа салып көлгірсімей айтарым осы».

ЕНДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР НАЗАРБАЕВҚА АНТ БЕРЕДІ

Рахат Әлиевтің айтуынша, күш құрылымдарының қызметкерлері Отанға, халыққа, тіпті Конституцияға емес, Қазақстан президентіне адал қызмет етуге ант беруге мәжбүр. Бұл жерде әңгіме Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы болып отыр.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жас ұлан" мектебінің кадеттерімен бірге. Астана, 7 мамыр 2009 ж.
Осы жерде айта кету керек, 2007 жылғы мамыр айында ел Конституциясына енгізілген түзетулердің арқасында Назарбаев президенттік сайлауға еш шектеусіз түсе алады.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Рахат Әлиев былай деді:

«Бұрын әскери қызметкерлер тәуелсіз Қазақстанға қызмет етуге ант беретін. Ал қазіргі олардың беретін антын...енді тек Қазақстан Қарулы күштерінің жарғысына: «Қазақстан президентіне қызмет етемін» деп жазып қою ғана қалғандай».
Бұрын әскери қызметкерлер тәуелсіз Қазақстанға қызмет етуге ант беретін. Ал қазіргі олардың беретін антын...енді тек Қазақстан Қарулы күштерінің жарғысына: «Қазақстан президентіне қызмет етемін» деп жазып қою ғана қалғандай


Рахат Әлиевтің бұл сөзі шындықтың ауылынан алыс емес сияқты. Азаттық радиосына қазақ әскерінің аға офицерімен байланысуға мүмкіндік туды. Қазіргі бекітілген әскери ант бойынша әскери қызметшілер, назар аударыңыз, алдымен президентке, тек содан соң ғана халыққа «адал болу» туралы ант береді.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ӨНІМДЕРІ» МЕН «СОЛДАТТАРЫ»

Президенттің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің айтуынша, «барлық мемлекеттік аппарат, жергілікті жерлердегі – облыстардағы, аудандардағы – барлық бюрократия, президенттің оларды халықтың қалауына қарамастан тағайындап отырғандығына разы болуы керек сияқты».

Жоғары дәрежелі қазақ шенеуніктерінің басшығы шын берілгендігі туралы «әйгілі» мәлімдемелерін осымен түсіндіруге болатын шығар. Бұлардың ішінде өзін «Назарбаевтың өнімімін» деп жариялаған Иманғали Тасмағамбетовтің мәлімдемесін өзгелерден ерекше деуге болады.

Ал, президент әкімшілігінің басшысы болып тұрған кезде өзін «президенттің адал солдатымын» деп атаған Әділбек Жақсыбековтың мәлімдемесі, әлгінің жанында, имантаразылау. Ақордадағы «Президенттің солдаты» президентке адал қызмет ету үшін Мәскеуге елші болып кетті.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев гольф турнирін бастады. 23 қазан 2003 ж.
Бұрынғы ішкі істер министрі, қазіргі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайырбек Сүлейменов жақында ғана биліктің «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында шамамен былай деді: «Мен өзімнің көпқырлы қызметтік мансабым үшін тек бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне қарыздармын».

Нұрсұлтан Назарбаевтың 70 жылдығына бір жыл қалғанда биліктің мерзімді басылымдары мен телеарналары – республикалық деңгейден бастап аудандыққа дейін – Қазақстанның бірінші президентін жер-көкке сиғызбай, жамырап мақтай бастады.

Тіпті шексіз мадақтың небір түрлері айтылуда. Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінде бір философия ғылымының докторы, профессор (этикалық тұрғыдан аты-жөнін айтпай отырмыз): «Халықтың алдында да, құдайдың алдында да, заңның алдында да Елбасының ары таза», – деп жазды.

БҰЛ ЖОЛ 1995 ЖЫЛДАН БАСТАУ АЛАДЫ

Айтпақшы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бағыныштылары ғана емес, елдің ірі кәсіпкерлерінен де мәңгілік адалдық антын сұрауы немесе талап ету әдеті жайында алғаш рет Мұхтар Әблязов жазды делінген мемуарларда айтылды.

Оның мәтіні бірінші рет 2003 жылы «Евразия» интернет-сайтында «М.Әблязовтың естеліктері» деген атпен жарияланды. Ол кезде сол естеліктің авторы делініп отырған Мұхтар Әблязов түрмеде жазасын өтеп жатқан. Алайда, кейін президент рақымшылық жасап, бостандыққа шыққан соң Әблязов ол естелік-жазбаның авторы өзі еместігін мәлімдеді.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы құрылған соң, көп ұзамай, оның қос жетекшісі – Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әблязов тиісінше 7 және 6 жылға сотталғандығы, олардың адвокаттары, елдегі оппозиция мен демократиялық қоғамдастық бұл екеуін билік саяси себептерге байланысты жазалады деп санағаны жұртқа мәлім.

Қазақстан басшысының кейбір әдеттері (осыдан 8 жыл бұрынғы) туралы жазылған әлгі естеліктен қысқаша үзінді келтірейік. Бұл эпизодта қолжазбаның белгісіз авторы 2001 жылдың 22 қарашасында президенттің жасырын кабинетінде өткен Нұрсұлтан Назарбаевпен өзінің кездесуін былайша суреттейді:

«Шарапқа қызыңқырап алған Назарбаев өзіне деген ниетімнің тазалығына сенімді болуы үшін әрқашан онымен бірге болатыным және сатып кетпейтінім туралы ант жазылған қағазға менің қол қоюым керектігін айтты...
Президент Нұрсұлтан Назарбаев (тақта) "Көшпенділер" фильмінің түсірілімі кезінде. 17 ақпан 2004 ж.


Мен қолыма қалам алып жаза бастағанда президент адалдық антының мәтінін маған айта бастады. Мен оған оның айтқанын жазар болсам, онда бұл менің емес, Назарбаевтың ойы болатындығын айттым. Мен қанша дегенмен министр болғанмын, сондықтан «өз атымнан» жаза алатын шығармын. Назарбаев келісті, тіпті кедергі жасамас үшін шығып кетті.

Ол жерде нақты не деп жазғаным есімде жоқ. Шамамен, «Мен, Мұхтар Әблязов, басқалар сияқты ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында тұлға ретінде өсіп, қалыптастым. ...Мен оның пікірлесімін және Қазақстанды бірлесіп өзгертуіміз қажет» дегендей сөздер жаздым.

Назарбаев қайтып келіп менің жазғанымды оқығанда оның көңілінің толмай қалғандығы байқалды. Бірақ, онысын білдірген жоқ. Тағы да ішуге ұсыныс жасап, ынтымақтастық үшін тост көтерді. Бірақ, оның «КГБ-лық әрекеті» менің көңілімде жайсыз дақ қалдырды».

Өзінің бұрынғы қайын атасының «КГБ-лық әрекеттерді» қайта тірілтуі жайында Рахат Әлиев те айтады. Әлиевтің айтуынша, кезінде СССР КГБ-сының барлық басшылары адалдық туралы антқа қол қойған. КГБ-ның жұмыс істеу тәсілі Назарбаевтың президент ретіндегі оның өкілеттігін созу туралы бүкілхалықтық референдумнан соң қолданысқа енгізілді дейді Әлиев.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев былай деді:

«1995 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Конституцияға жат тәсілмен өзінің өкілеттігін ұзартқан кезден бастап ол өзінің жеке билігін нығайту үшін советтік әдістерді қолдана бастады».

«ОНЫҢ АЙТУЫМЕН МЕН ДЕ БҰЛ АҚЫМАҚТЫҚ ҚАҒАЗҒА ҚОЛ ҚОЙҒАНМЫН...»

Президенттің бұрынғы күйеу баласы «жеке-дара авторитарлы билеуші ретінде ол [Назарбаев] ешкімге, тіпті өзінің жақын айналасына да сенбейді» деп мәлімдеді. Демек, ол өзінің туыстарына сенбейді деп түсіну керек.

Рахат Әлиев пен Нұрсұлтан Назарбаев сарайдың тыныштау бір бұрышында сөйлесіп тұр, 2001 ж. Рахат Әлиевтің "Өкіл қайын ата" кітабындағы сурет.
Рахат Әлиев президентке адал болуға өзінің де ант бергендігін жасырмайды. Алайда, «Время» газетінде оның қолы қойылған парақша жарияланған соң бұны жоққа шығару мағынасыз болар еді.

Назарбаевтың тарапынан оған деген сенімсіздік неден туындағаны туралы ол жақ ашпайды. Бірақ, есесіне, жазбаша ант беру туралы келісімін президенттің бұрынғы күйеу баласы «отбасылық қарым-қатынастармен» және «сол кезеңдерде жанжалға барғысы келмегендігімен» түсіндіреді.

Рахат Әлиев Азаттық радиосына ол жайттың қашан, қалай болғандығын ғана айтып берді:

«Иә, бұл меніңше 2002 жылы болды. Мені Австрияға және ЕҚЫҰ-ға елші ретінде жіберер алдында Назарбаев мені өзінің жеке резиденциясына шақырды. Және оның айтуымен мен осы бір ақымақтық қағазға қол қойдым...

Мүмкін, осыларды сейфтен шығарып алып оқыған кезде бұл Назарбаевты құтқарып, оның жанын жылытатын шығар. Мен оны білмеймін. Бірақ, маған қатысты, мен білетін көптеген адамдарға, басшыларға қатысты әлгіндей істің [жазбаша ант алу] болғанын білемін».

ЖАС КОММУНИСТ НАЗАРБАЕВТЫҢ АНТЫ

«М.Әблязовтың естеліктерінде» автор президент Нұрсұлтан Назарбаевтың антқа қол қоюды өтінген сәтін сипаттай келіп, «Рахат өзіне бақталас болуы мүмкін кісілерді «өзіне байлап қою» әдетін кімнен алғанын түсіндім» деп жазады.

Өз кезегінде, Рахат Әлиев бұрынғы қайын атасының бұл әдетті өзінің бұрынғы партиялық басшысы Дінмұхамед Қонаевтан алғанын жазады. Қазақстанда біраз дау-дамайға негіз болған «Өкіл қайын ата» кітабының «Қонаевқа хат» атты 31-ші тарауында автор былай деп жазады:

«Бір жолы Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінің ең үстіңгі қабатындағы VIP-мейрамханадағы кешкі астың үстінде ішкі сырын ақтарып отырған президент күзетінің бастығы маған мына бір оқиғаны айтып берді. Бұл 2003 жылдың көктемінде болатын.

Амангелді Шабдарбаев, президенттің Күзет қызметінің бастығы және Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі. Астана, 2000 ж.
Дінмұхамед Қонаев өмірден өтер алдында өзінің сенетін адамы, оққағары болған Аманкелді Шабдарбаевқа бірқатар құжаттарды берген... Қонаев оған құжаттар салынған папканы тапсырған. Солардың ішінде, Назарбаев үшін болғанынан болмағаны жақсы, бір құжат бар еді. Тек осы қағазды алған соң ғана Қонаев Назарбаевты 1984 жылы Қазақ ССР премьер-министрінің дәрежесіне көтерген.

Бұл – жас коммунист Нұрсұлтан Әбішұлының республиканың танымал басшысы Димаш Ахметұлына
Қонаевтың берген құжаттар салынған папканың ішінде, Назарбаев үшін болғанынан болмағаны жақсы, бір құжат бар еді. Тек осы қағазды алған соң ғана Қонаев Назарбаевты 1984 жылы Қазақ ССР премьер-министрінің дәрежесіне көтерген
адалдығы туралы хат болатын. Жас коммунист өзінің үлкен жолдасын, көсемін ешқашан сатпайтындығын, оның үлгісін әрқашан көз алдында ұстайтынын айтып ант берген...»

Алайда, осы кезге дейін көпшілікке Нұрсұлтан Назарбаев пен Дінмұхамед Қонаевтың аралары қалай ажырай бастағандығының кейбір негізгі жайттары белгілі боп келген-ді. Ал бұл қалыптасқан концепцияға Рахат Әлиевтің жаңа естеліктері қалай әсер ететіндігін айту әзірге қиындау.

Егер Назарбаев Қонаевқа адалдығы туралы ант берсе, кейбір авторлардың айтып жүргеніндей, ол өзін Қонаевтың ұлымын деп атаса, онда бұның барлығы 1986 жылдың басында оп-оңай бұзыла салды.

Сол кездері министрлер кеңесінің жас төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясы съезінің мінберінен «Ғылым Академиясының ішкіш президенті» Асқар Қонаевты тас-талқан етіп сынады. Назарбаев үлкен Қонаевтан оны тәртіпке шақыруды сұрады. Оның үстіне, горбачевтік жариялылық стилімен, Қазақстан басшылығындағы тоқырау құбылыстарына байланысты ақыл айтып, тұқыртып алды.

Дінмұхамед Қонаев үшін бұл үлкен соққы болды. 1986 жылдың соңына қарай ол ширек ғасырдан бері отырған Қазақстандағы үлкен қызметінен ығыстырылды. Назарбаевтың үміті ақталмады: Мәскеу Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығына Геннадий Колбин деген әлдебіреуді жіберді.

Назарбаевқа басты тізгінді өз қолына алуды тағы екі жарым жыл күтуіне тура келді. Алайда, Колбиннің кезінде қуғындалған Қонаев Назарбаевтың кезінде де сол күйі қалып, саяси оқшаулауда болды.

Бұл советтік номенклатурада жасырын қолданылған дәстүрге сәйкес жағдай еді. Партияның басшылығына көтерілген әрбір адам өзінің алдындағы басшыға берген антын бұзып отырды, барлық қателіктер мен олқылықтарды сол бұрынғы басшыға жабу әдет болатын.