ҰБТ басталды
Your browser doesn’t support HTML5
Бүгін таңертең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы Бостандық ауданының мектеп бітірушілері ұлттық бірыңғай текст тапсыруға келді. Білім және ғылым министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда былтырға дейін Қазақстан бойынша ҰБТ 155 пунктте тапсырылса биыл 165-ке жеткен. Яғни бұрын бір күнде бір пунктте 800-ге дейін түлек тест тапсырса, енді 600-ге дейін азайған. Министрлік таратқан ақпараттарға қаағанда, биыл 84 мың 248 оқушы орта мектепті қазақ тілінде, 40 мың 62 оқушы орыс тілінде бітіреді. Оның 100 мыңан астамы ҰБТ-ға қатысады. Биыл ҰБТ тапсыру бұрынғыдай бір апта емес, екі аптаға созылады. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.