"Қоршаудан" кейінгі Алматы
Бөгенбай батыр және Қонаев көшелері қиылысындағы бұзылған қоршаудың орнындағы қысқа қазықтар әлі жиналмай жатыр.
Көше бойына құлатылған шарбақтар. Шарбақтардың қоршау кезінде жоғары қаратылған үшкір ұштары құлатылған кезде тротуарға жақын жатыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы ғимартының сыртқы қоршауы алынғанымен, бағандары сорайып, жүргіншілерге ыңғайсыздық тудырады.
Төле би көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орналасқан мына бір ғимарат қоршауының тек қақпасы ғана қалыпты.
Байтұрсынов көшесі бойындағы қоршауды бұзып, демалып отырған жұмысшылар.
Сейфуллин даңғылы бойында орналасқан ғимараттың сыртқы қоршауынан қалған қазық-колонналар.
Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысындағы бұзылған қоршаудың орны.
Бұзылған қоршаудың жұлынған қазықтары.
Бұрын темір шарбақпен қоршалып, қаізр қоршаусыз тұрған ғимараттар.
Қалада қоршауы алынып үлгермеген нысандар да бар.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы орналасқан Төле би көшесі бойындағы ғимараттың сыртқы қоршауы сол күйі сақталыпты. Бірақ осы ғимаратпен қатар орналасқан өзге оқу орны ғимараттарының сыртқы қоршауы алынған.
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің алғашқы әскери дайындық кафедрасы ғимаратымен іргелес орналасқан Алматы Технологиялық университетінің сырты. Бұрын бұл жерде де қоршау болған еді.
Қоршауы алынбаған нысандардың бірі - Тұңғыш президент қоры ғимараты маңындағы саябақ. Бұл саябақтың айналасында президент резиденциясы және қалалық әкімдік орналасқан.
Алматы қалалық прокуратурасы. Құқық қорғау органдарына тиесілі мекемелердің сыртқы қоршауларының бұзылмағанын көруге болады.
Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қоршауы. Бұл қоршау былтыр шілденің 18-і күні салдарынан бірнеше адам қаза тапқан Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне жасалған қарулы шабуыл оқиғасынан кейін тұрғызылған.