«Мәңгілік ел» фестивалі
«Мәңгілік ел» фестивалінде қазақ ұлттық музыка аспаптары жәрмеңкесі өтті. Сөреге қобыз, домбыра қойылған.
Шебер Дәулетжан Үсенұлы өзі жасаған ұлттық музыкалық аспаптарды көрсетіп тұр.
«Мәңгілік ел» фестивалінде Arkaiym нео-этно-фолк-тобы қазақтың домбыра, қобыз, шаңқобыз сынды ұлттық аспаптарымен қоса көмеймен ән айтып өнер көрсетті.
Күйдірілген қыштан жасалған әшекей және сәндік бұйымдар.
Жәрмеңкеге қойылған теріден жасалған бұйымдар.
Ләззат Исаханова жәрмеңкеге өзі шығаратын ұлттық нақыштағы ою-өрнегі бар бұйымдар әкеліпті.
Көкпар тарту. Талғар ауданы, Алматы облысы, 25 шілде 2015 жыл.
«Мәңгілік ел» фестивалі аясында қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.
«Мәңгілік ел» фестиваліне келушілер арасында бүркітпен суретке түсуге тілек білдіргендер аз болмады. Бүркіт ұстап суретке түсу бағасы – 500 теңге.
«Мәңгілік ел» фестивалі аясында өткен ат жарысын тамашалап тұрған көрермен жұрт.