Тұздыбастау ауылындағы өрт салдары

Алматы облысы Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында өрт шыққаны туралы суыт хабар 27 шілде күні сағат 22:10 кезінде түскен. Өрт түн ортасынан ауа өшірілді.

Өртті сөндіруге Алматы қаласындағы өртке қарсы күрес қызметінің бөлімшелері де жұмылдырылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйден шыққан өрт жихаз жасайтын цех ретінде пайдаланылған көрші үйге өтіп, оның ауласындағы уақытша баспананы да шарпыған.

Өрт болған жерге жұма күні таңертең барған Азаттық тілшілері полиция өкілдері мен медициналық жедел жәрдем көлігін жолықтырды.

Өртке байланысты бейсенбінің кешінен бастап Алматы мен Талғар арасындағы тас жол бойында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Өрт болған жерде тұрған адамдар. Тұздыбастау ауылы, 28 шілде 2017 жыл.

Қазақстан ішкі істер министрлігі төенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, қабырғасы қамыстан құрастырылған екі тұрғын үй мен саманнан тұрғызылған уақытша баспананы өрт жалмаған. Адамдар зардап шекпеген. Сонымен бірге тағы бір уақытша тұрғын жайдың шатыры өртенген, жихаз цехының мүлкі мен шатыры, автокөлік жанып кеткен.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің сынақ зертханасы жіберілді деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі комитет.

Тұздыбастау ауылындағы өрт көлемі бірнеше жүз шаршы метрді құраған.