Мамай сотта соңғы сөзін айтты
Your browser doesn’t support HTML5
2017 жылдың 10 ақпанынан бері қамауда отырған журналист, «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамай бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Оған қылмыстық кодекстің 193-бабы бойынша «Қылмыстық жолмен алған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру» айыбы тағылған. 4 қыркүйек күні өткен жарыссөзде прокурор Мамайдың бас бостандығын төрт жылға шектеп, мүлкін тәркілеп, үш жылға дейін журналистік қызметпен айналысуға тыйым салуды сұраған. Жанболат Мамай соттағы соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Алматы, 6 қыркүйек 2017 жыл.