Бүгін парламент мәжілісінің отырысында депутат Аманжан Рысқалидың өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сарапшылар оның себебін «элита аралық соғыстан» іздейді.
Депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы өтінішті қыркүйектің 15-і күні Аманжан Рысқалидың өзі жасаған. Ол мұндай шешімге келуіне «моральдық-этикалық пайымы мен қоғамдық талқылаулар себеп болғанын, бірақ партия мүшесі болып қала беретінін» айтқан.
Осыған орай орталық сайлау комиссиясы ол мәселені мәжілістің күн тәртібіне шығарды. Мәжіліс Рысқалидің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.
«Ақ жол» партиясынан сайланған Аманжан Рысқалидың 15 қыркүйекте депутаттық мандатын партияласы, 45 жастағы кәсіпкер Талғат Ерғалиевке тапсыруға шешім қабылдағаны хабарланған.
1969 жылы Атырау облысында туған Аманжан Рысқали 2012 жылғы қаңтарда бесінші сайланған Қазақстан парламенті мәжілісіне «Ақ жол» партиясының тізімі бойынша депутат болды. Алайда ол 3 қыркүйекте парламенттің кезекті сессиясының ашылуына қатыспады.
Өткен айда оның ағасы Бергей Рысқалиев Атырау облысының әкімі қызметінен босатылған соң «Аманжан Рысқали да парламент мәжілісінің депутаты мандатын тапсырады» деген ақпарат тараған.
САЯСАТКЕРЛЕР БОЛЖАМЫ
Саясаткер Төлеген Жүкеевтің ойынша, ағалы-інілі Рысқалиевтердің бірінің әкімдіктен кетіп, екіншісінің депутаттықтан айырылуы – «Бергей мен ол кіретін топтың әлсірегені».
– Әлі күнге шейін әкім болған Бергейдің ресми түрде қайда жүргені белгісіз. Ал
інісінің депутаттық мандатты тапсырғаны – сол топтың, соларға қамқор болып жүрген адамдардың осал тартқаны, – деді Төлеген Жүкеев.
Саясаттанушы Досым Сәтбаевтың ойынша, соңғы бірнеше аптада Рысқалилер туралы айтылған ресми және бейресми ақпараттар жанама түрде «Ақ жол» партиясының беделіне де нұқсан келтірді – сондықтан Аманжан Рысқали мүше болған «Ақ жол» шара қолдануы міндетті еді».
– Бұл шешімді Рысқали өзі қабылдады ма, әлде «жолдастары» кеңес берді ме – белгісіз. Меніңше, Рысқали біреулердің «кеңесіне» жүгінген секілді, – деді саясаттанушы.
Досым Сәтбаев «ағалы-інілі Рысқалилердің тағдырына емес, олардың Астанадағы қорғаушыларына бұл оқиғалардың қалай әсер ететініне көбірек қызығатынын» айтты.
– Астанада әрдайым элита аралық «соғыс» жүретіндігі белгілі. Онда өзінің «жеңілгендері» мен «жеңіске жеткендері», шығындары болады. Шахматта пешканы құрбандыққа шаламыз ғой жеңіске жетуде, дәл сол секілді бұл «соғыстың» да құрбандары бар, – дейді Досым Сәтбаев.