Қаржы полициясы "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ның бұрынғы басшысына қарсы бірқатар фактілуер бойынша алдын-ала тергеу амалдарын аяқтады. Ал Рахат Әлиев болса Бүркітбаев құпия қамауда отыр деп мәлімдеген болатын .
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бірнеше қылмыстық істің берілгені жайында хабарланды. Комитет енді бұл қылмыстарға Серік Бүркітбаевтың қатысы бар, жоқтығын анықтау керек болады.
Атап айтқанда экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жетекшісінің орынбасары Рүстем Ибраимовтың хабарлауынша, ҰҚК-не "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ның бұрынғы басшылығының Алматы облысы, Талғар ауданының Солдатское сайындағы 100 гектар жерді сатып алғаны және жалпы ауданы 1200 шаршы метр ҚМГИ-дің әкімшілік ғимаратын төмендетілген бағамен сатқаны туралы істер.
- Қазір бұл қылмыстық істерді Бас прокуратура ҰҚК-не берді. "Қазақ мұнай және газ институты" АҚ-ның бұрынғы басшысы Серік Бүркітбаевтың қатыстылығы мәселесін енді ҰҚК-нің тергеушілері тексеретін болады, - деп түсіндірген 2 желтоқсан күні ҚазТАГ агенттігіне Рүстем Ибраимов.
Мұнан басқа да қаржы полициясының алдын-ала тергеу - зерттеуі барысында "Қазақ мұнай және газ институтының" басшылығы бес бірдей зерттеу-жобалау институына инженерлік жобалар бойынша тапсырыс берген, ал іс жүзінде өздеріндегі архивтік құжаттарды пайдаланған. Сөйтіп мемлекетке 2,4 миллиард теңге зиян келтірілген, - деп атап көрсеткен Ибраимов, бұл қылмысқа Серік Бүркітбаевтың қатысы болуы мүмкін екендігіне тоқталды.
Қазақстанның ҰҚК болса бұл іс бойынша БАҚ-на ешқандай түсініктеме бермей отыр. Ал баспасөзде бірқатар жоғары лауазымды шенеуініктер секілді Бүркітбаев та "Әлиевтің ісі" бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуда деген әңгімелер айтылып қалған болатын.
Ол айтылғандар бойынша Серік Бүркітбаев "Қазақтелеком" компаниясының басшысы болып тұрған кезінде Рахат Әлиевке телефон тыңдауларын жүзеге асыратын арнайы құрал-жабдық беріп, Әлиевтің тобындағыларға ол жабдықтарды қалай қолдануға болатынын көрсетті делінген еді.
Серік Бүркітбаев осы жылдың мамыр айында "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы болып тағайындалған еді, алайда іле-шала, тамыз айында ол бұл қызметтен босатылды.
Оған дейін Бүркітбаев әр жылдары "Қазинформтелеком", "Кателко", "Қазақтелеком" компанияларын басқарып, көлік және коммуникация министрі, "Самғау" ұлттық ғылымы-технологиялық холдингінің төрағасы міндеттерін атқарып, Қазақстан президентінің көмекшісі және кеңесшісі де болды.
Ал соңғы уақытта, аяқ астынан, Серік Бүркітбаев қоғам назарынан тыс қалды, оның қазір қайда екені еш жерде айтылмайды.
Рахат Әлиев Серік Бүркітбаев пен басқа да бірқатар белгілі тұлғалар ҰҚК-нің жасырын пәтерлерінде қамауда отыр деп мәлімдеген-ді. Рахат Әлиевтің жақын серігі Әлнұр Мұсаев та ҰҚК-нің Астанадағы түрмесінде генерал Жомарт Мажренов жұмбақ жағдайда қаза болғаннан кейін комитет құпия тұтқындаулар жасау тәжірибесін енгізді деп айтқан болатын.
Рахат Әлиевтің бұл мәлімдемесінде аттары аталғандар да, олардың жақтастары да қыркүйек айының басында айтылған бұл болжамдарды жоққа шығарған жоқ. Енді міне үш ай өткеннен кейін барып, Серік Бүркітбаевтың арнайы қызмет орындарының назарына іліккені туралы алғашқы ақпараттар тарады.