Оппозициялық саясаткер Зәуреш Батталова Қазақстан билігі үш жыл бұрын ОБСЕ-ге берген уәдесін орындамады деп санайды. Билік өкілі Азаттыққа «әр елдің ерекшелігі» туралы айтады.
Азаматтық белсенділер биліктен жиналу хақын сыйлау сияқты халықаралық міндеттемелерін орындауды талап етеді. Өйткені Астана мен Алматы әкімдіктері әлі күнге дейін оппозицияның өткір мәселелер көтеретін жиындарын өткізуге рұқсат бермей келеді. Соңғы мәрте мұндай жағдай шілденің 12-сі күні қайталанды - "Демкоратиялық күштер жиынын" ұйымдастырушылар шараны аулада өткізуге мәжбүр болды.
ҮЕҰ өкілдері азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқықтарының жүйелі түрде бұзылуы туралы шілденің 22-сі Астанада өткен жиында да айтты. "ЕҚЫҰ-ның адами өлшемі: демократияның дамуы, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау" атты жиында сөйлеген "Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы" қорының президенті Зәуреш Батталова митинг өткізу туралы өтініш берушіге билік"халық жауындай" қарайтынын айтты. Батталованың сөзінше, ел-жұрт митингіге шықпасын десе, билік диалог құру тиіс.
— Бізбен кездесе қалғанда айтатындары: "А, әлгі үнемі митингіге шығып жүретіндер сіздер ме?" Біз теріс нәрсемен шұғылданып келгендей көреді, — дейді Зәуреш Батталова.
Саясаткердің сөзінше, үш жыл бұрын Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның саммитінде қабылданған Астана декларациясын орындау үшін ештеңе жасалмаған. Қазақстан билігінің сөз еркіндігіне, жиын өткізу хақы мен діни бостандыққа кепіл болу туралы уәделері орындалмаған. 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төраға болуға қол жеткізер алдында Қазақстан дәл осы негізгі адам құқықтарын сақтауға уәде еткен еді.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар бойынша елшісі Үсен Сүлеймен ЕҚЫҰ декларациясы барлық мүше елдерді міндеттемелерін орындауға шақыратын құжат. Дипломаттың айтуынша, бұл шартты орындау ұзақ мерзімге созылуы мүмкін. Өйткені "әр елдің өз ерекшелігі бар, Қазақстанда да осы саладағы қызметті оңтайландыру жүріп жатыр."
Әйткенмен сарапшылар мен азаматтық белсенділердің айтуынша, бейбіт жиын өткізуден бөлек басқа да құқықтар шектеледі. Кейбір қазақстандықтар құқықтары туралы тіпті білмей де қалады.
Саясаттанушы Ғазизат Имакованың сөзінше, құқықтарын білмейтін азаматтардың осал тұсын шенеуніктер пайдаланып кетеді. Ол Астанада өткізген сауалнамасына сүйеніп, Қазақстан тұрғындары болып жатқан оқиғаларды "жоғарыдан таңылған, өзгертуге келмейтін" нәрсе деп түсінетінін айтады. Оның әріптестері дәл осындай сауалнаманы Нью-Йорк қаласында да өткізген. Америкалықтар мемлекет басқару ісіне қатысуға байланысты құқықтары мен бостандықтары туралы әлдеқайда жақсы білетін болып шыққан.
— Қазақстанның жастары қазір туыстық, я рулық жақындықты пайдаланудан басқа мемлекеттік басқару жүйесіне, мемлекеттік қызметке араласудың жолы жоқ деп біледі, — дейді Ғазизат Имакова.
"Халықаралық құқықтық бастама" қорының сарапшысы Амангелді Шорманбаев Қазақстанда өткір мәселелер көтеретін ұйымдар жеткіліксіз деп санайды. Адамдар көп жағдайда тек адамның қарасын ғана көбейтіп жүреді, жүйе мүлдем тоқырап қалғанда барып арыз айта бастайды. Оның пікірінше, азаматтық қоғам мен саясаткерлер белсендірек, әрі батылырақ болуы тиіс. Ең бастысы, бір-бірімен тіл табыса алулары қажет.
— Кез-келген мінберді пайдаланып, кедергіге қарамастан мәселесін көтеруден танбайтын адамның қатары қалыңдауы тиіс, — дейді Амангелді Шорманбаев.
Биыл Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің қасынан "Адами өлшем бойынша диалог алаңы" атты кеңесу органы құрылған. Адам құқықтары мәселесін талқылауға ҮЕҰ-дары да шақырылады. Азаматтық белсенділер 68 ұсыныс түсірді - оның ішінде тұрғындардың бейбіт жиын өткізу хақы да бар. Бұл талаптардың қашан орындалатыны туралы биліктің жауабын белсенділер күзде бір-ақ біле алады. Мұндай ара-тұра саяси билік пен оппозиция кездесіп тұратын "диалог алаңдары" жаңа жобаға жатпайды. Олардың аттары мен мәртебесі жиі өзгеріп тұрады.

Қазақстан жастары туыстық, я рулық жақындықты пайдаланудан басқа мемлекеттік басқару жүйесіне, мемлекеттік қызметке араласудың жолы жоқ деп біледі.