Астанада кран басында бес күн отырған екі әйел ауруханаға түсті. Олардың отбасыларын үйлерінен шығарып жатыр.
15 қараша күні кешке Астанадағы кран басында отырған апалы-сіңілілі Сандуғаш Серікбаева мен Ұйым Жолдасбаева жерге түсті.
Олар 13 адамы бар екі отбасын үйден шығаруға қарсылық танытып, 10 қараша күні кранға шыққан.
Наразы әйелдердің туысы Орынкүл Кендірбаеваның айтуынша, билік өкілдері оларды наразылықты доғаруға үгіттеп көндірген. Бірақ екі әйел арнайы құрал арқылы краннан түсе жедел жәрдем көлігіне мінген. Бес күн бойы суықта, ас-сусыз отырған олардың денсаулығы нашарлап кеткен. Сандуғаш Серікбаеваның өкілі Ольга Рубахованың Азаттық тілшісіне айтуынша, қажыған екі әйелді бірден ауруханаға алып кеткен.
Ольга Рубахованың сөзінше, бұдан кейін сот орындаушылары сүрілуі керек үйдегі екі отбасы мүшелерін ол жерден күштеп көшіре бастаған. Ресми түрде онда төрт ересек адам мен тоғыз бала тұрады. Ол жерде жүрген Орынкүл Кендірбаеваның Азаттық тілшісіне телефон арқылы айтуынша, билік өкілдерімен мәмілеге келу ойлары іске аспаған.
Үй Сандуғаш Серікбаеваға тиесілі. Туысы Ұйым Жолдасбаева оған қолдау танытып, кранға бірге шыққан еді. Үйді олар туыстарымен бірігіп салған. Бірақ кейін бұл аумақта ғимарат салынатын болып, сот үй иелеріне 4 миллион 988 мың теңге (шамамен 32 мың доллар) төлеуге шешім еткен. Наразылық білдіріп кранда шыққан әйелдердің туыстары «Мардымсыз өтемақыға Астанадан жатақхананың бір бөлмесі болмаса, жөні түзу баспана сатып алу мүмкін емес» дейді.
Азаттық бұл оқиғаның барысын бақылап отырады.